Қарашада ҚТЖ желісі бойынша 1 млн тоннадан астам астық жөнелтілді

Жүк тасымалы
28.11.2024, 16:46
Оқуға 2 мин

Қараша айының 26 күнінде ҚТЖ желісі бойынша 1 млн тоннадан астам астық жөнелтілді, бұл 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 56% артық, деп хабарлайды Rail-news.kz.  

Жалпы көлемнің 259 мың тоннасы ішкі нарыққа, 750 мың тоннасы экспортқа жөнелтілді. Ел бойынша тасымалдау көлемі өткен жылмен салыстырғанда 27%, экспорт 69% ұлғайды.

 Қарашаның соңғы аптасында жүк жөнелтушілер дәстүрлі түрде биылғы астықты жөнелтуді күшейтеді. Қараша айының қорытындысы бойынша тиеу көлемінің едәуір ұлғаюы күтілуде. Айдың соңына қарай 1,3 млн тонна астық жөнелтіледі деп болжануда, бұл өткен жылмен салыстырғанда 41% артық. Осы көлемнің 900 мың тоннадан астамы экспортқа бағытталатын болады, бұл 2023 жылғы көрсеткіштерден 35% артық. Әсіресе Орталық Азия елдеріне жеткізуде айтарлықтай өсім байқалды — 516 мың тонна (+27%), Ауғанстанға — 66 мың тонна (+62%), сондай — ақ Ақтау порты арқылы Иранға 81 мың тонна жеткізілсе,  бұл өткен жыл деңгейінен он есеге көп. Сонымен қатар, Ресейге тасымалдау алты есеге артып, 135 мың тоннаны құрады, оның ішінде Ресей порттары мен Балтық порттары арқылы 45 мың тонна, сондай — ақ Әзірбайжан нарығына 68 мың тонна, 2023 жылдың қарашасында бұнда жөнелтілімдер болған жоқ.  

Қазақстанның ішкі нарығында астық тасымалдау көлемі шамамен 350 мың тоннаны құрайды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 38% артық. Бұл ҚР Үкіметінің тапсырмаларына сәйкес элеваторларды босату үшін астықты ел ішінде орнын ауыстыру қажеттілігіне байланысты.

Бүгінгі таңда астық тасымалдаушылар паркінде 12 616 бірлік бар және жөнелтушілердің барлық өтінімдері толық көлемде өңделуде. ҚТЖ жаңа егіннің астық жүктерін тасымалдауға ерекше бақылауды жүзеге асырады.

 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды