KGLF-2024: Астық логистикасы сөз болды

Жүк тасымалы
06.12.2024, 08:53
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген автор
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Астана қаласында «KAZAKH GRAIN & LOGISTIC FORUM-2024» деген атаумен Қазақстанның астық нарығы және көлік логистикасына арналған екі күндік ауқымды форум өтіп жатыр. Кеше басталған жиынның бірінші күні астық тақырыбы қозғалса, екінші күні логистика, тасымал мәселесі сөз болмақ.

Конференцияға астық нарығының көшбасшылары – Қытай, Өзбекстан, Түркия, Швейцария, Эстония және Еуропа мен Азияның бірқатар елдерінен ірі ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер, экспорттаушылар мен импорттаушылар, қайта өңдеушілер, мемлекеттік органдардан, сондай-ақ логистикалық және заңгерлік компаниялардан барлығы 100-ден астам делегат келді.  

Жиынның алғашқы күні кішігірім көрмемен ашылды. Конференция қонақтары тақырыпқа қатысты экспонаттармен, соның ішінде дәнді дақылдардың сұрып түрлерімен және тағы да басқа өнімдермен танысты.  

– Екі күнге созылатын конференцияның тақырыбы өзектілігімен тартымды бола түсуде, сондықтан оған мүдделі тараптар қатысып, қызықты өтуде. Астық тақырыбына арналған алғашқы күнде жетекші сала мамандары жаһандық және аймақтық үдерістерді, соның ішінде Қытайдың өсіп келе жатқан ықпалына баса назар аудара отырып, макроэкономикалық және геосаяси аспектілерді, мемлекеттік реттеудің нюанстары, ағымдағы теңгерімдерді ұсыну, баға болжамдары, тауашалық дақылдар туралы және тағы да басқа жайттарды әңгіме өзегіне айналдырды. Бұл күні ағымдағы маусымның қиын жағдайында Қазақстанның астық нарығының қалай дамитыны туралы болжамдар мен талқылаулар қызықты болды. Сондай-ақ сыртқы сауда қызметінің аспектілері қарастырылатын заңгерлік семинар өтті, – дейді ұйымдастырушылардың бірі «АПК-Информ Азия»ЖШС директоры Елена Чередниченко.  

Форумның екінші күні логистикаға арналмақ. Атап айтқанда ішкі жүк ағындары, Қазақстанның транзиттік әлеуеті мен инфрақұрылымының дамуы, биылғы маусымдағы астық логистикасының ерекшеліктері, теміржол тасымалы саласындағы проблемалар мен оларды шешу жолдары талқыланбақ. Арнайы тақырып аясында қазіргі геосаяси жағдайларда рөлі айтарлықтай өскен Транскаспий халықаралық көлік маршрутының (ТХКМ) даму перспективалары қарастырылмақ. Ұйымдастырушылар саланың жетекші спикерлерінен алынған ақпарат және конференциядағы талқылаулар астық сегментіндегі және логистикадағы мәселелердің тиімді шешімдерін әзірлеудің басты құралына айналады деп болжап отыр.  

 

Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды
Жүк тасымалы
14.10.2026
ҚТЖ Орталық Азия елдеріне астық тасымалдауды 33% арттырды
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан мен Бельгия порттар арасындағы серіктестікті дамытуды көздейді
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан арқылы транзиттік тасымал көлемі 13,1%-ға өсті
Жаңалықтар
13.10.2026
Теміржолшылар «Семей орманы» резерватында 3500 қарағай көшетін отырғызды
Әлемде
13.10.2026
Stadler АҚШ нарығына арналған алғашқы аккумулятордан қуат алатын пойызды таныстырды
Жаңалықтар
13.10.2026
ҚТЖ өндірістік оқыту жүйесін жетілдіруде
Сұхбат
13.10.2026
Шығыннан – тиімділікке дейін
Жаңалықтар
13.10.2026
«Жас үздік маман» байқауы мәреге жетті
Аймақтар
13.10.2026
417 теміржолшы білімін арттырды
Қауіпсіздік
13.10.2026
Теміржолда балаларды тасымалдау кезінде санитарлық талаптарды сақтау ескертілді
Жаңалықтар / Мұрағат
13.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №81 13 қазан 2026 жыл