2025 жылғы қаңтарда Қазақстан мен Қытай арасындағы теміржол тасымалының көлемі 2,8 млн тоннаға жетті, бұл 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 18% жоғары, деп хабарлайды Rail-news.kz.
Достық шекаралық өткелі 12% өсімді тіркеп, 1,5 млн тоннаға жетті. Алтынкөл өткелі арқылы 1,3 млн тонна жүк тасымалданды, бұл өткен жылдың қаңтарымен салыстырғанда 25% жоғары.
Қазақстан жүктерінің ҚХР-ға экспорты 5% өсіп, 1,1 млн тоннаны құрады. Металл кендерін тасымалдау 5% (652 мың тонна), қара металдарды тасымалдау 77% (104 мың тонна), мұнай өнімдерін тасымалдау 50% (32 мың тонна) және басқа да жүктерді (кебек, құрама жем, өсімдік майы) тасымалдау 30% (215 мың тонна) ұлғайды.