«ҚТЖ» ұлттық компаниясының еншілес ұйымы – «Қазтеміртранс» АҚ-та бизнес процестерді автоматтандыру мен оңтайландыруға бағытталған «Өндірістік қызметті басқарудың бірыңғай платформасы» жобасының бірінші кезеңі аяқталды, деп хабарлайды Rail-news.kz.
Жоба аясында жүк вагондарын бөлу тәртібі әзірленіп, бекітілді, сондай-ақ жылжымалы құрамды жөндеудің жаңа моделі қалыптастырылды. Бұл модель 2025 жылдан бастап күшіне енеді.
«Өндірістік қызметті басқарудың бірыңғай платформасы» жүк тасымалын жасанды интеллект технологияларын қолдана отырып тиімді жоспарлауға, клиенттермен өзара әрекеттесуді жақсартуға және нақты уақыт режимінде талдау жүргізуге мүмкіндік береді.