2024-2025 жылдарғы жылыту маусымы кезеңінде (2024 жылғы мамырдан 2025 жылғы наурызға дейін) Қазақстан аумағы бойынша теміржол көлігімен 67 млн тонна көмір жеткізілді. Оның ішінде жылу электр орталықтары (ЖЭО) үшін — 60 млн тонна, коммуналдық — тұрмыстық секторға — 7 млн тонна, деп хабарлайды Rail-news.kz.  

Қазіргі жағдай бойынша ЖЭО-дағы көмір қоры шамамен 3,7 млн тоннаны құрайды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 12% артық. Көмір тұйықтарында қосымша 400 мың тоннаға жуық отын жинақталған.  

Қатты отынды тасымалдауды жедел бақылау және үйлестіру үшін "Қазақстан темір жолы" ҰК"  АҚ-да тәулік бойы штаб жұмыс істейді.