Жаһандық желінің маңызды буыны

Жүк тасымалы
13.03.2026, 09:30
Суретті түсірген Александр ЖАБЧУК
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Соңғы 7 жылда Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымал көлемі 5 есе өсіп, жылына 0,8 млн тоннадан 4,5 млн тоннаға дейін жетті. Бұл оның жаһандық логистикадағы рөлін нығайтудағы маңызды қадам болды.

Сонымен қатар контейнерлік тасымалдарда айтарлықтай өсім байқалады. 2025 жылдың қорытындысы бойынша аталған бағыт арқылы шамамен 77 мың ЖФЭ жүк тасымалданды. 2029 жылға қарай бұл көрсеткішті 300 мың ЖФЭ-ге жеткізу жоспарлануда. Бүгінде ТХКБ Қытайды, Қазақстанды, Кавказ елдерін, Түркияны және Еуропа нарықтарын байланыстыратын қалыптасқан мультимодальды көлік артериясына айналды. Тасымал көлемінің артуы – тек инфрақұрылымды кеңейтудің ғана емес, сонымен қатар маршрутқа қатысушы елдер мен көлік операторлары арасындағы стратегиялық әріптестіктің дамуының нәтижесі.  

Өсімнің негізгі факторлары: халықаралық тасымалдар үшін қолайлы жағдай жасау, соның ішінде кедендік рәсімдерді жеңілдету, жеткізу мерзімдерін қысқарту есебінен маршруттың бәсекеге қабілеттілігін арттыру (мерзімдер 28-32 күннен 13-17 күнге дейін қысқарды), логистикалық операциялардың сенімділігі мен ашықтығын қамтамасыз ететін «бір терезе» қағидаты бойынша жүк тасымалына сұраныстың артуы, т.т.  

Бұл бағыттағы жұмыстар 2022 жылы Ақтау қаласында және 2025 жылы Алматы қаласында қабылданған ТХКБ бойындағы «тар жерлерді» жою жөніндегі Қазақстан, Әзербайжан және Грузияның бірлескен жол карталары аясында жалғасады. Теміржол және порт инфрақұрылымын жаңғырту шеңберінде Құрық порты акваториясында түбін тереңдету жұмыстары аяқталды. Ал биыл осындай жұмыстарды Ақтау портында жүргізу жоспарлануда. Сондай-ақ Құрық портында БАӘ-нің «Abu Dhabi Ports Group» компаниясымен бірлесіп қуаттылығы 5 млн тонна болатын «Саржа» көпфункционалды терминалының құрылысы жүргізілуде. Сонымен қатар Ақтау портында контейнерлік хабтың құрылысы аяқталды, Құрық портының №1 айлағындағы көтерме-өтпелі көпір жаңғыртылды. Грузияның Поти портында қуаттылығы 120 мың ЖФЭ болатын қазақстандық терминал іске қосылды.  

Еуропалық одақ Ақтау портындағы №3 және №12 айлақтарды қайта жаңғырту жобасына грант бөлуде. Қаражат қолайсыз ауа райы жағдайларында теңіз порттарының үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету үшін, соның ішінде желге төзімді STS-крандарын қоса алғанда, тиеу-түсіру техникасын сатып алуға бағытталады. Сауда флотын дамыту аясында Baku Shipyard кеме жасау зауытында екі контейнер тасымалдаушы кемеге тапсырыс орналастырылды. Олардың құрылысы 2027 жылы аяқталады. Сол жылы тағы алты әмбебап құрғақ жүк кемесін жеткізу жоспарланып отыр. Теміржол саласында ұзындығы 2 мың кмден асатын инфрақұрылымды жаңғырту жұмыстары жүргізілуде.  

Бүгінде ТХКБ жаһандық логистикалық желінің маңызды элементі ретінде өзін дәлелдеді. Маршрутқа қатысушы елдер оны дамыту, халықаралық жүк жөнелтушілер үшін тартымдылығын арттыру және өткізу қабілетін ұлғайту бағытындағы бірлескен жұмысты жалғастыруда.  

 

Аймақтар
14.09.2026
Түрксібтің төл туындысына – 95 жыл
Жолаушылар тасымалы
14.09.2026
Пойызда үй жануарларын алып жүру кезінде жолаушы нені білуі керек?
Әлемде
14.09.2026
Ресей теміржолдарында пойыздардың рельстен шығуы мен соқтығысуы 13%-ға артты
Әлемде
14.09.2026
Alstom Канадаға 313 жолаушылар вагонын жеткізеді
Жаңалықтар
14.09.2026
Қызметтік иттердің көмегімен теміржолда 74 есірткі дерегі анықталды
Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді