ҚТЖ Қазақстан арқылы Қытай мен Мәскеу торабы арасында жаңа тұрақты айналмалы рейс сервисін іске қосты

Жүк тасымалы
07.07.2026, 15:34

«KTZ Express» АҚ («Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ еншілес компаниясы) Қытай – Қазақстан – Ресей (Мәскеу көлік торабы) – Қазақстанның солтүстік станциялары – Қытай бағыты бойынша жаңа тұрақты айналмалы рейс сервисін іске қосты, деп хабарлайды Rail-news.kz. 

Жаңа логистикалық сервис контейнерлік паркті пайдалану тиімділігін арттыруға, экспорттық тасымалдарды дамытуға және Қазақстан аумағы арқылы өтетін транзиттік көлемдерді ұлғайтуға бағытталған.

Жоба Қытай мен Ресей арасындағы транзиттік тасымалдарға, сондай-ақ қазақстандық астық өнімдерін Қытайға экспорттауға деген сұраныстың артуына жауап ретінде іске асырылды.

Логистикалық схема жүк тиелген контейнерлік пойыздарды Қытайдан Қазақстан станциялары арқылы Мәскеу көлік торабына жеткізуді көздейді. Жүк түсірілгеннен кейін контейнерлер Қазақстанның солтүстік станцияларына бағытталып, онда астық дақылдары қайта тиеледі де, Қытайға жөнелтіледі.

Толық айналмалы рейстің орташа мерзімі шамамен 20 тәулікті құрайды. KTZ Express контейнерлік жабдықты ұсынуды және бүкіл маршрут бойынша логистикалық процестерді үйлестіруді қоса алғанда, тасымалды кешенді сүйемелдеуді қамтамасыз етеді. 2026 жылғы сәуір-маусым аралығында жаңа сервис аясында 13 контейнерлік пойыз, яғни 1600 ЖФЭ жөнелтілді.

Жаңа сервис контейнерлердің бос жүрісін қысқартуға, жылжымалы құрамды пайдалану тиімділігін арттыруға, қазақстандық астықтың Қытайға экспортын қолдауға және Солтүстік дәліз бойынша тасымал көлемінің қосымша өсуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. KTZ Express нарық қажеттіліктеріне сәйкес тасымал көлемін кезең-кезеңімен ұлғайтуды жоспарлап отыр.

Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?