Қысқа дайындық: ҚТЖ көмір тасымалдайтын вагондарды жаппай әзірлеуде

Жүк тасымалы
09.07.2026, 10:58

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның еншілес компаниясы – «Қазтеміртранс» АҚ вагон паркін күзгі-қысқы кезеңдегі тасымалдарға дайындау жұмыстарын жүргізуде, деп хабарлайды Rail-news.kz. 

Ерекше назар 2026–2027 жылдардағы жылыту маусымында әлеуметтік маңызы бар жүктерді, ең алдымен тас көмірді, үздіксіз тасымалдауды қамтамасыз етуге аударылуда.

Суық мезгілдің басталуымен тасымал көлемі дәстүрлі түрде артады, сондықтан жылжымалы құрамды дайындау жұмыстары алдын ала жүргізілуде. Бұл ең жоғары жүктеме кезеңінде вагон паркінің тұрақты жұмысын қамтамасыз етуге және көмірді тұтынушыларға уақтылы жеткізуге мүмкіндік береді.

Дайындық аясында техникалық және ұйымдастырушылық іс-шаралар кешені жүзеге асырылуда. Вагондар жоспарлы және ағымдағы жөндеуден өтуде, мамандар олардың техникалық жай-күйін және қысқы пайдалану жағдайларына дайындығын тексеруде.

Жалпы 28 мыңнан астам жүк вагонын жөндеу-профилактикалық жұмыстарымен қамту жоспарланып отыр.

Жүргізіліп жатқан іс-шаралар тасымалдау процесінің сенімділігін арттыруға және жылыту маусымы кезеңінде еліміздің өңірлеріне көмірдің үздіксіз жеткізілуін қамтамасыз етуге бағытталған.

Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады