Жаңа сұрыптау жолдары Khorgos Gateway терминалының қуатын 48%-ға арттырды

Жүк тасымалы
13.07.2026, 15:24

KTZE – Khorgos Gateway құрғақ порты тоғыз 1520 мм калибрлі сұрыптау жолдарын және ағымды ағытып жөндеу базасын іске қосу арқылы жүктерді өңдеу қуатын арттырды, деп хабарлайды Rail-news.kz.

2025 жылдың қыркүйегінде енгізілген жаңа инфрақұрылым терминалдың тиеу қабілетін жылына 540 мыңнан 800 мың ДФЭ-ге (TEU) (эквивалентте бір 20 футтық контейнерге тең) немесе 48%-ға арттыруға мүмкіндік берді.

Жаңа жолдар пайдалануға берілгелі 9 айда онда 1 300-ге жуық вагон сақталды, 500-ден астам вагонға ағымды ағытып жөндеу жұмыстары жүргізілді және теміржол платформаларына 10 мыңнан астам автомобиль тиелді.

Сұрыптау жолдары әрқайсысының ұзындығы 57 шартты вагонға дейін жететін тоғыз теміржол құрамын бір уақытта қабылдауға мүмкіндік береді. Бұл вагондарды бағыттар бойынша жинақтауды және сұрыптауды, сондай-ақ магистральдық желі инфрақұрылымын босатуды күтпей контейнерлік пойыздарды қалыптастыруды жеделдетеді.

Жаңа инфрақұрылым сонымен қатар жылжымалы құрамның тоқтап қалуын азайтады, вагон паркін пайдалану тиімділігін арттырады және бос вагондардың жинақталуын қамтамасыз етеді, бұл ең жоғары сұраныс кезеңінде бос вагондардың тапшылығы қаупін азайтуға мүмкіндік береді. 

Жобаны іске асыру Khorgos Gateway өндірістік мүмкіндіктерін нығайтты және Қытай-Қазақстан – Орталық Азия – Еуропа бағдарындағы негізгі көлік-логистикалық тораптардың бірінің өткізу қабілетін арттырды.

 

Аймақтар
23.08.2026
Ақтөбе вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
23.08.2026
Қостанай облысында Тобыл вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
21.08.2026
Арыс станциясында болашақ жүргізушілерге машинист көзімен темір жол көрсетілді
Жолаушылар тасымалы
21.08.2026
ҚТЖ «Нұрлы жол – Арқалық» пойызының қатынау мерзімін жыл соңына дейін ұзартты
Трансформация
21.08.2026
Машинажасау саласы қалай дамуда?
Инфрақұрылым
21.08.2026
Жетіген – Құрөзек: екі учаске жаңғыртылды
Аймақтар
21.08.2026
Шу теміржолшылары мен полиция бірлескен рейд өткізді
Аймақтар
21.08.2026
Атырауда «Қауіпсіз өткел» акциясы аясында 8 өткелде рейд өтті
Аймақтар
21.08.2026
Үздік вагон депосы – Маңғыстауда
Аймақтар
21.08.2026
Шалқар жол дистанциясы аумағында жыл басынан бері 5 мал басу оқиғасы тіркелді
Әлеумет
21.08.2026
Білім күніне базарлық
Әлеумет
21.08.2026
Есте қалатын ерекше күн
Жаңалықтар
21.08.2026
Донорлар қатары артуда
Жаңалықтар / Мұрағат
21.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №66 21 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ станцияларды басқарудың жаңа цифрлық платформасын енгізуде
Трансформация
20.08.2026
Қазақстанда локомотив пен вагон өндірісі еселеп өсті
Инфрақұрылым
20.08.2026
Ақшолақ – Үшбұлақ аралығында ауыр жол техникасын қолдана отырып, темір жолы сауықтырылуда
Жаңалықтар
20.08.2026
Қазақстан Орталық Азияның теміржол желісін жаңғыртуға негізгі үлесті қосуда
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ ALT University-мен ынтымақтастықты дамытуда
Әлемде
20.08.2026
Қытай 2026 жылдың алғашқы жеті айында жолаушылар ағыны бойынша жаңа рекорд орнатты