ҚТЖ-да биылғы егін астығын тасымалдау талқыланды

Жүк тасымалы
07.09.2026, 11:10
Оқуға 2 мин

ҚТЖ-да биылғы егін астығын тасымалдауды ұйымдастыру бойынша жедел астық штабының отырысы өтті, деп хабарлайды Rail-news.kz. 

Жиналыс Zoom платформасында бейнеконференция форматында болды. Оған 100астам экспорттаушылар, трейдерлер және вагон паркінің операторлары қатысты. Сондай-ақ, Көлік министрлігінің Теміржол және су көлігі комитетінің өкілдері шақырылды.

Кеңеске қатысушылар инфрақұрылым мен вагон паркінің ең жоғары тасымалдау көлеміне дайындығын талқылады. Вагондардың жиналып қалуына және станцияларда тоқтап тұруына жол бермеу үшін бір ай ішінде тиеуді біркелкі бөлуге ерекше назар аударылды.

2025 жылдың қыркүйегінен 2026 жылдың тамызына дейін ҚТЖ желісі бойынша 15 млн тоннадан астам – рекордтық көлем астық тасымалданды. Экспортқа 11,8 млн тонна, Орталық Азия елдеріне–7,6 млн тонна жөнелтілді. Ауғанстанға тасымалдау үш есеге – 1 млн тоннаға дейін өсті.

2026 жылғы тамызда ҚТЖ желісі бойынша шамамен 1,2 млн тонна астық тасымалданды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 35% артық. Экспортқа 895 мың тонна жөнелтілді, өсім 46% құрады. Ішкі нарыққа 262 мың тонна бағытталды. Ұнтақ өнімдерін тасымалдау 18% өсті.

Желіде астық тасымалдау үшін 15,2 мыңға жуық астық тасымалдаушы және 17,1 мың жабық вагон тартылды. Өтінімдерді уақтылы беру және қолда бар вагон паркін біркелкі түсіру жағдайында биылғы егінді әкету үшін жеткілікті.

Элеваторлар мен кірме жолдар иелеріне тәулік бойы жұмыс істеуді қамтамасыз ету, ал жүк жөнелтушілерге көлемді алдын ала жоспарлау және тасымалдауға уақтылы өтінім беру ұсынылды.

Вагон меншік иелері мен операторларына айдың бірінші жартысында астықты тиеу кезінде экспорттаушылар үшін ынталандырушы жеңілдіктер қарастыруға кеңес берілді. Бұл көлемді біркелкі бөлуге және үшінші онкүндікте теміржол инфрақұрылымына жүктемені азайтуға мүмкіндік береді.

Тасымалдауды жедел үйлестіру үшін ҚТЖ бөлімшелері мен еншілес ұйымдарының, вагон паркі, теңіз порттары, астық одақтары операторларының және экспорттаушылардың қатысуымен астық штабы жұмысын жалғастырады. 

Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды
Жаңалықтар / Мұрағат
06.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №79 06 қазан 2026 жыл
Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті