Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты

Жүк тасымалы
15.09.2026, 08:54
Оқуға 2 мин

Қазақстанда астықты теміржол көлігімен тасымалдаудың оң динамикасы сақталуда. 2026 жылдың сегіз айында теміржол арқылы 9,3 млн тонна астық тасымалданды, бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 13%-ға артық. Былтыр аталған кезеңде тасымалдау көлемі 8,2 млн тоннаны құраған, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Көлік министрлігінің мәліметінше, жаңа егін жинау науқанының басталуымен астық тасымалының алғашқы миллион тоннасы жүзеге асырылды. Осы жылдың тамыз айында теміржол көлігімен тасымалдау көлемі 1,1 млн тоннаны құрап, өткен жылдың тамыз айымен салыстырғанда 35%-ға артты.

Экспорттық тасымалдарда да айтарлықтай өсім байқалады. 2026 жылдың сегіз айында теміржол арқылы сыртқы нарықтарға 7,2 млн тонна астық жөнелтілді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 14%-ға артық (6,3 млн тонна).

Экспорттық тасымалдардың негізгі көлемі Орталық Азия елдеріне тиесілі — 4,8 млн тонна, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 37%-ға жоғары. Атап айтқанда, Өзбекстанға 3,6 млн тонна астық жөнелтілді (+50%), Тәжікстанға — 1 млн тонна (+17%), Ауғанстанға — 655 мың тонна, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 4,4 есе көп. Қытайға 558 мың тонна астық тасымалданды, бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 33%-ға артық.

Астық тасымалын тұрақты әрі уақтылы қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі астықты теміржол көлігімен тасымалдауды ұйымдастыру және үйлестіру жөніндегі жұмыс тобын құрды.

Жұмыс тобы тасымалдау процесіне қатысушылардың қызметін үйлестіреді, сондай-ақ теміржол инфрақұрылымы мен вагондар паркінің тасымалдау көлемінің артуына дайындығын бақылайды. Астықты біркелкі тиеуді қамтамасыз етуге, вагондардың қозғалысын тиімді ұйымдастыруға, сондай-ақ олардың станцияларда жиналып және тұрып қалмауына жол бермеуге ерекше назар аударылады.

Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды
Жүк тасымалы
14.10.2026
ҚТЖ Орталық Азия елдеріне астық тасымалдауды 33% арттырды
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан мен Бельгия порттар арасындағы серіктестікті дамытуды көздейді
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан арқылы транзиттік тасымал көлемі 13,1%-ға өсті
Жаңалықтар
13.10.2026
Теміржолшылар «Семей орманы» резерватында 3500 қарағай көшетін отырғызды
Әлемде
13.10.2026
Stadler АҚШ нарығына арналған алғашқы аккумулятордан қуат алатын пойызды таныстырды
Жаңалықтар
13.10.2026
ҚТЖ өндірістік оқыту жүйесін жетілдіруде
Сұхбат
13.10.2026
Шығыннан – тиімділікке дейін
Жаңалықтар
13.10.2026
«Жас үздік маман» байқауы мәреге жетті
Аймақтар
13.10.2026
417 теміржолшы білімін арттырды
Қауіпсіздік
13.10.2026
Теміржолда балаларды тасымалдау кезінде санитарлық талаптарды сақтау ескертілді
Жаңалықтар / Мұрағат
13.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №81 13 қазан 2026 жыл
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат