ҚТЖ Wabtec компаниясының цифрлық жүйелерін енгізуде

Цифрландыру
27.07.2023, 10:17
Оқуға 2 мин

«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да тасымалдау процесінің тиімділігін арттыруға арналған және компанияның жүк тасымалы саласындағы операциялық қызметін жетілдіруге бағытталған Цифрландыру апталығы басталды.

Апта аясында ҚТЖ, «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС және Wabtec компаниясының қатысушы қызметтері өкілдерінің кездесулері өтуде. Пойыздар қозғалысын жоспарлауды автоматтандыру, кестелер құру және магистральдық желідегі операцияларды оңтайландыру бойынша цифрлық шешімдер таныстырылды.

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС темір жол тасымалының тиімділігін арттыру мақсатында ТЭ33А сериялы жүк локомотивтерінің паркін «Рейсті оңтайландырушы» (Trip Optimizer) Wabtec цифрлық жүйесімен жабдықтайды.

Trip Optimizer – контроллер мен динамикалық тежегішті автоматты түрде реттеу арқылы машинистке локомотивті басқаруға көмектесетін ақылды жүйе. Жүйе маршрут пен жүк туралы деректерді талдай отырып, нақты уақыт режимінде оңтайлы жылдамдық режимі мен отын шығынын есептейді. «Trip Optimizer» Цифрлық жүйесін енгізу» жобасы локомотив бригадасының пойызды жүргізу сапасын арттыруға, дайын пойыздарға локомотивтерді қосуды жоспарлауға, зиянды заттардың шығарылуын азайтуға бағытталған. Жобаны іске асыру нәтижелері бойынша сандық және сапалық пайдалану көрсеткіштерін жақсарту, дизель отынын үнемдеу күтілуде.

- Алдағы онжылдықта біз цифрлық технологиялардың көмегімен олардың операциялық тиімділігін арттыруды жалғастыра отырып, орнықты даму және экологиялық таза технологиялар саласындағы жаһандық деңгейде үлгі ету үшін ҚТЖ-мен ынтымақтасуды жоспарлап отырмыз,-деп атап өтті Wabtec корпорациясының Ресей/ТМД, Еуропа, Таяу Шығыс және Солтүстік Африка бойынша аға вице-президенті Гохан Байхан.

Апта ҚТЖ-ның елордалық объектілеріне: Сұрыптау станциясына, локомотив депосына және «Локомотив құрастыру зауыты» АҚ-ға барумен аяқталады.

Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті