«ҚТЖ» ҰК» АҚ бірнеше жылдан бері бес мыңнан астам нормативтік-техникалық құжатты өңдейтін ЖИ-көмекшілерді де пайдаланып келеді.
Модельдер компанияның ішкі құжаттары негізінде оқытылып, қызметкерлерге қажетті ақпаратты санаулы секунд ішінде табуға көмектеседі. Сонымен қатар миллионнан астам гигабайт деректі саралайтын тасымалдау ағындарын талдау модулі іске қосылған: ол, тасымалдардағы ауытқулар мен айналып өту схемаларын анықтап, шығындарды азайтып, операциялардың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
Цифрлық даму стратегиясында Huawei компаниясымен бірлесіп жүзеге асырылып жатқан «Ақылды теміржол» жобасы да ерекше орын алады. «Интеллектуалды» теміржол, «интеллектуалды» инфрақұрылым, «интеллектуалды» диагностика және «интеллектуалды» қозғалыс бағыттарын бірыңғай экожүйеге біріктіріп, оның құрамында өзіндік киберқауіпсіздік орталығы жұмыс істейтін болады.