ҚТЖ-да цифрлық технология қарқынды енгізілуде

Цифрландыру
07.06.2024, 16:25
Оқуға 2 мин
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясында цифрлық технологияларды дендеп енгізу іс-шаралары қарқынды жүргізілуде. Оның айқын бір дәлеліне,  

ҚТЖ-ның Қозғалыс қауіпсіздігі департаменті мен «Бас есептеу орталығы» филиалының бірлесіп әзірлеген «Қозғалыс қауіпсіздігі» автоматтандырылған жүйесін және «Инфо-орталық» ақпараттық кешенін атауға болады.  

«Қозғалыс қауіпсіздігі» автоматтандырылған жүйесі (ҚҚ АЖ) екі модульден тұрады: Біріншісі, «Қозғалыс қауіпсіздігі бойынша ревизор» автоматтандырылған жүйесі 2016 жылы тұрақты пайдалануға беріліп, «Ревизор» автоматтандырылған жұмыс орны» жүйесін алмастырды. Осының арқасында соңғы он жылдағы ҚТЖ желісіндегі қозғалыс қауіпсіздігі туралы ақпаратты сақтау мүмкіндігі туды. Ал екінші модуль, «Қозғалыс қауіпсіздігі тәуекелдерін талдау» автоматтандырылған жүйесі  биыл әзірленген болатын. Оның міндеті – қабылданған ауытқулар бойынша статистикалық мәліметтер негізінде тәуекелдерді талдау және бағалау.  

Қозғалыс қауіпсіздігі департаменті мамандарының айтуынша, бұл жүйелер адами факторды, қағазбастылықты жоюға, осылайша, мамандардың жұмысын оңтайландыруға мүмкіндік беріп отыр. Сонымен қатар жүйе еліміздің әртүрлі аймақтарынан алынған ақпаратты жедел өңдейді және пойыздар қозғалысының қауіпсіздігі үшін туындайтын тәуекел дәрежесін объективті бағалайды. Бұл ҚТЖ басшылығының нақты уақыт режимінде жол бөлімшелері мен басқарудың барлық деңгейлеріндегі жекелеген бөлімшелер бойынша қозғалыс қауіпсіздігінің жай-күйі туралы ақпаратты алуына мүмкіншілік беріп отыр. Ал «Инфо-орталық» ақпараттық кешеніне келсек, ол ҚТЖ және жол бөлімшелері басшыларын пайдалану жұмысы, жылжымалы құрамның жай-күйі, инфрақұрылым және қозғалыс қауіпсіздігі бойынша өзекті деректермен хабардар етуге арналған.

Кешен нақты уақыт режимінде жол бөлімшесі учаскелерін визуализациялауды қамтамасыз етеді, барлық жүйелердің деректерін интерактивті бақылау тақталары түрінде көрсетеді. Ақпаратты қабылдаудың ыңғайлылығы үшін жоспардың орындалуы немесе орындалмауы, қозғалыс қауіпсіздігінің бұзылуының төмендеуі немесе өсуі туралы түсті индикация қарастырылған. Бүгінгі таңда Қызылорда, Ақтөбе, Шымкент, Қостанай жүк тасымалдау бөлімшелерінде кешенді тәжірибелік пайдалану аяқталса, ел өңірлеріндегі қалған бөлімшелерге және ҚТЖ-ның корпоративтік деңгейіне тарату бойынша жұмыстар жүргізілуде.  

 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды