ІТ тақырыбына арналған білім сайысы өтті

Цифрландыру
22.11.2024, 08:41
Оқуға 3 мин
Суретті түсірген Александр ЖАБЧУК
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС-нің ұйымдастыруымен осымен төртінші рет «Тасымалдау қызметіне байланысты автоматтандырылған басқару және ақпараттық жүйелер жұмысы» атты IV республикалық тренинг-семинар өтті.

Екі күн бойы өткен іс-шараға өңірлерден іріктеліп келген командалар, алты бөлімшенің қызметкерлері қатысты. Тренинг-семинардың негізгі мақсаты – басқару мен ақпараттық жүйелердің автоматтандырылған жүйесі жұмысының мәселелері бойынша тәжірибелік және теориялық білім беру. Елордадағы ірі халықаралық технопарк Astana Hub ғимаратында өткен тренинг-семинарға «ҚТЖ-ЖТ» ЖШС Тасымалдау процесінің технологиялық жүйелері департаментінің директоры Ирина Савушкина жетекшілік етті. «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС бас директорының корпоративтік мәселелер жөніндегі орынбасары Владимир Бабиченко сөз сөйлеп ашып, командаларға сәттілік тіледі. Алдымен «Үй тапсырмасы» бойынша сайыс өтті. Одан әрі «Сауалнама», «Өз ойынымыз» іскерлік ойыны, «Бейнесауал», викториналық жарыс, «Терминология», «Біріміз – бәріміз үшін», «Мені түсін», «Бәйге» сияқты түрлі іс-шараларға қатысып, бақ сынаған командалар өз білімдері мен өнерлерін ортаға салды. Екінші күні қатысушылар квест ойынына қатысып, автоматтандыру саласы бойынша білімін сынға салды. Бұл күні жиынның қорытындысы шығарылып, үздік командалар мен жекелеген қызметкерлер арнайы марапаттар мен жүлделі орындарға ие болды. Әр бөлімше командаларына креативтік атау беріп, сол атау жазылған киімдер киіп ерекшеленді.  

– Тренинг-семинар өте жоғары деңгейде өтті. Қатысушылар тек жеңіске ғана ұмтылмай, командамен бірге жұмыс істеуге машықтанды, ойындарға қатысу арқылы бой сергітті. Биыл қатысып жатқан командалар былтыр да озып шыққан топтар, атап айтқанда Маңғыстау, Семей, Шымкент, Ақмола, Қарағанды, Жамбыл ЖТ бөлімшелерінің қызметкерлері цифрландыру және автоматтандыру саласындағы кәсіби білімін тағы да жоғары деңгейде көрсете білді, олардың арасында локомотив, вагон шаруашылығы, станциядағы диспетчерлік қызметтер бойынша мамандар бар, – дейді «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС тасымалдау процесінің технологиялық жүйелері департаментінің бас менеджері Жазира Әміржанова.  

18-19 қарашада өткен семинарға қатысушылардың айтуынша, цифрландыру тасымалдау тиімділігін айтарлықтай арттыруға, логистиканы оңтайландыруға және адами фактормен байланысты тәуекелдерді азайтуға көмектеседі.

Семинарға жиналған 100-ге жуық мамандар қатарында өңірлік командалардан бөлек сарапшылар, «Бас есептеу орталығы» филиалы, ақпараттық қауіпсіздік қызметі, «ТрансТелеКом» АҚ қызметкерлері, «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС Адами ресурстарды басқару және әлеуметтік саясат департаменттерінің өкілдері де болды.  

– Теміржолдағы ІТ тақырыбы бойынша сұрақтар келді. Команда 10 адамнан құралса, соның әрқайсысы әр салаға жауап беретін мамандар болғандықтан тапсырма қиын болмады. Тренинг-семинар барысында қатысушылардың өз жұмыстарын қаншалықты жақсы меңгергені байқалды. Әр ойында қызықты, күтпеген тәсілдер қолданылды. Бұл семинарға үшінші рет қатысып отырмыз, – дейді Жамбыл ЖТ бөлімшесі директорының БАЖ бойынша орынбасары Асылхан Тайлақбаев.  

Тренинг-семинарда биыл да Ақмола ЖТ бөлімшесінің «Синегорье» командасы бірінші орын алды. Екінші орынды Семей ЖТ бөлімшесінің «Абай» командасы, ал Маңғыстау ЖТ бөлімшесінің «Каспий көшбасшылары» командасы үшінші орын алды.  

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды