Кадрдың қадірі артуда

Цифрландыру
14.03.2025, 08:34
Оқуға 2 мин
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Жуырда өткен «Магистраль» сарапшылар форумы биылғы жұмысшы мамандықтар жылында адами капиталды дамыту мәселесін талқыға салып, сарапшылар теміржол саласына кадр дайындау, цифрландыру және жұмысшыларды қолдау мәселелерін көтерді.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ Кадр қызметі департаментінің HR бизнес-серіктесі Алма Сәулебаеваның айтуынша, 2023 жылы компания қызметкерлерінің әл-ауқатын жақсартуға 20 млрд теңге, ал былтыр 16 млрд теңге бөлінді.  

– Компания қызметкерлерінің 98 пайызы – өндірістік персонал. Сондықтан жұмысшы мамандықтар жылы бізде тек бір жылда ғана емес, үнемі бізбен бірге, тікелей қатысы бар. Әлеуметтік тұрақтылық индексі рейтингі бойынша ҚТЖ жоғары көрсеткішке ие. Себебі компания өз қызметкерлерінің қолайлы жұмыс істеуіне барлық жағдайды жасап отыр. 2022 жылы біз темір жолдағы санитарлық тұрмыстық жағдайды жақсартуға 3,5 млрд теңге бөлдік. Бұл сома 2023 жылы бірнеше есеге артты, – деді Алма Сәулебаева.  

Сонымен қатар жұмысшылардың өз ісіне деген ынтасын арттырып, теміржолда кадр тұрақтылығын нығайта түсу үшін өткен жылы ұлттық компанияда 23 жаңа марапат пайда болған. Биыл жұмыс өтіліне қарай бір реттік төлемдер беру жоспарлануда. Мысалы жұмыс өтілі 10 жыл адамдарға 100 мың теңге, 20 жыл істеген теміржолшыларға 200 мың теңгеден, 30 жылдық еңбегі бар адамдарға 300 мың теңге беру көзделуде.  

Жалпы теміржол саласында 140 мың адам еңбек етсе, соның 120 мыңы ҚТЖ-да жұмыс істейді екен. Болашақта теміржол саласына цифрландыру, роботтандыру және жасанды интеллектпен байланысты 5-6 жаңа мамандықтар енгізу жоспары бар.

 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды