Бәйгеқұм станциясында автоматтандырылған шлагбаум орнатылуда

Цифрландыру
12.08.2025, 09:18
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген автор
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Қызылорда белгі беру және байланыс дистанциясының теміржолшылары Бәйгеқұм станциясындағы теміржол өткеліне автоматтандырылған, заманауи үлгідегі шлагбаум орнатып, оның байланыс, белгі беру құрылғыларын жаңартып, жаңғырту жұмыстарын сәтті жасап шықты.

Атқарылып жатқан бұл жұмыстар алдағы уақытта өткелдегі қозғалысты тәртіпке келтіріп, пойыздардың және автокөліктердің қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ететін болады. Соңғы жылдары Бәйгеқұм станциясы маңындағы сулы-нулы аумақтар табиғатының көркемдігімен тартып, жергілікті тұрғындар мен сырттан келушілер үшін жазғы демалыс орнына айналып келеді. Алайда демалыс маусымындағы көлік легінің күрт артуы теміржол өткелдерінде қауіп төндіруі мүмкін жағдайларды тудырып отыр.  

Дәл осы 20-бекет пен Бәйгеқұм станциясы арасындағы 2922 шақырымдық теміржол өткелінен демалушылар автокөлікпен жиі өтеді. Көліктер саны артқан сайын өткел маңында кептеліс орын алып, бұл магистральдық бағытпен жүретін жолаушы және жүк пойыздарының қозғалыс қауіпсіздігіне қатер төндіру ықтималдығын арттыруда. Осыған байланысты ҚТЖ тарапынан теміржол өткелі күзетілетін өткел санатына ауыстыру жөнінде шешім қабылданды. Бұл бастама пойыздар қозғалысының қауіпсіздігін арттырып қана қоймай, автокөлік жүргізушілерінің де тәртіппен жүруіне мүмкіндік береді деп бағаланып отыр.  

Аталған шешімге сәйкес Қызылорда магистральдық желі бөлімшесіне қарасты Қызылорда белгі беру және байланыс дистанциясының теміржолшылары өткелге автоматты түрде басқарылатын шлагбаум орнату жұмыстарын қолға алды. Жаңа үлгідегі өтпелі сигнал беру құрылғылары, жарық сигналдары, дайын командалық аппаратуралар орнатылып жатыр. Ескеретін нәрсе, өткен жолы осы теміржол өткелі Қызылорда жол дистанциясының теміржолшылар тарапынан су жаңа заманауи күйге енгізіліп, жаңадан салынған болатын.  

– Теміржол өткеліндегі заманауи құрылғылар пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігінің сақталуына қызмет ететін болады. Аталмыш жобаның құжаттамалық іс-қағаздарын дистанция инженері Нұрлан Аймахан әзірлеуге зор үлес қосса, оның іс жүзінде іске асырылуына тәжірибелі шебер Базархан Сақбаев жетекшілік етуде. Олардың үйлестіруімен құрылыс-монтаж жұмыстары белгіленген мерзімнен кешікпей, сапалы орындалуда. Бригада мүшелері теміржол автоматикасы мен телемеханика саласындағы заманауи талаптарды ұстанып, қауіпсіздік техникасын қатаң сақтап жұмыс жасады, – дейді инженер Нұрлан Жәнібеков.  

Жалпы, Бәйгеқұм станциясындағы теміржол өткеліне автоматтандырылған, заманауи үлгідегі шлагбаум орнату шарасы теміржол мен автомобиль жолының қиылысындағы қозғалысты ретке келтіріп, теміржол көлігі қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ететін маңызды қадам болмақ. Жоспарланған жұмыстар аяқталған соң, бұл өткел орталықтандырылған басқару жүйесіне қосылып, диспетчерлік бақылауға алынады. Сонымен қатар жол дистанциясы, локомотив бригадалары және автокөлік жүргізушілері арасындағы үйлесімді әрекет жолға қойылады.  

 

Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан мен Бельгия порттар арасындағы серіктестікті дамытуды көздейді
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан арқылы транзиттік тасымал көлемі 13,1%-ға өсті
Жаңалықтар
13.10.2026
Теміржолшылар «Семей орманы» резерватында 3500 қарағай көшетін отырғызды
Әлемде
13.10.2026
Stadler АҚШ нарығына арналған алғашқы аккумулятордан қуат алатын пойызды таныстырды
Жаңалықтар
13.10.2026
ҚТЖ өндірістік оқыту жүйесін жетілдіруде
Сұхбат
13.10.2026
Шығыннан – тиімділікке дейін
Жаңалықтар
13.10.2026
«Жас үздік маман» байқауы мәреге жетті
Аймақтар
13.10.2026
417 теміржолшы білімін арттырды
Қауіпсіздік
13.10.2026
Теміржолда балаларды тасымалдау кезінде санитарлық талаптарды сақтау ескертілді
Жаңалықтар / Мұрағат
13.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №81 13 қазан 2026 жыл
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты