Ұлттық компания теміржол қауіпсіздігін цифрлық жүйелер арқылы күшейтуде

Цифрландыру
16.06.2026, 09:24
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Ұлттық компания пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында өндіріске цифрлық жүйелердің дендеп енуіне үлкен мән беріп отыр.  

Осы бағытта Мойынты – Балқаш, Бескөл – Достық, Бескөл – Разъезд-2 учаскелерінде орталықтандыру және автобұғаттау жүйелерімен біріктірілген микропроцессорлық орталықтандыру құрылғылары іске қосылған. Бұл өз кезегінде пойыз қозғалысын басқарудың қауіпсіздігі мен тиімділігін арттыра түскен.  

Сонымен қатар 10 станцияда пойыздарды қауіпсіз жүргізуді қамтамасыз ететін құрылғылар салынса, электр орталықтандыру жүйесінің қоректендіру жабдықтары жаңартылып, 31 қоректендіру панелі мен 39 дизель-генератор агрегаты ауыстырылған, сондай-ақ 19 станцияда маневрлік аудандар мен дөңестерге арналған МП АСДЦ жүйесі енгізілген. Сұрыптау жүйелерін дамыту бағдарламасы да инфрақұрылымды дамыту бағытындағы негізгі міндеттердің бірі болып отыр.  

Бұдан бөлек біраз жұмыстың басы қайырылғанын көруге болады. Мәселен, бүгінде Қарағанды – Сұрыптау станциясының жұп дөңесін жаңғырту бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірлеуге келісімшарт жасалса, Қарағанды – Сұрыптау станциясының тақ дөңесі мен Ақтоғай станциясының дөңесін жаңғыртуға арналған техникалық тапсырмалар әзірленген.

 

Әлемде
14.09.2026
Ресей теміржолдарында пойыздардың рельстен шығуы мен соқтығысуы 13%-ға артты
Әлемде
14.09.2026
Alstom Канадаға 313 жолаушылар вагонын жеткізеді
Жаңалықтар
14.09.2026
Қызметтік иттердің көмегімен теміржолда 74 есірткі дерегі анықталды
Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады