Вагон қараушылар жұмысы автоматтандырылады
«Вагон пайдалану депосын автоматтандыру» жобасы пилоттық режимде Атырау және Алматы қалаларындағы «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС вагон депосында іске қосылады. Содан кейін сәтті тәжірибе басқа вагон кәсіпорындарына да таратылады.
Жобамен мамандар төрт ай бойы жұмыс істеді. Ол вагон тексерушілердің жұмысын автоматтандырады, бизнес-процестердің ашықтығын арттырып, вагондарға техникалық қызмет көрсету уақытын қысқартады және өндірістік қауіпсіздік бұзушылықтары санын азайтады.
Бұл туралы «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС Бас директорының орынбасары Қанат Көбесов "Инновациялық логистика жүк иелеріне көліктік қызмет көрсету сапасын жақсарту құралы ретінде" атты дөңгелек үстел барысында айтты. «ҚТЖ» ҰК» АҚ, «Атамекен» ҰКП, KAZLOGISTICS көліктік және логистикалық ұйымдар мен қауымдастықтар одағы, Көлік және коммуникациялар ғылыми-зерттеу және жобалау институты, Қазақстандық тасымалдаушылар және вагон-контейнерлер операторлары қауымдастығы, ҚР Ұлттық экспедиторлар қауымдастығы кездесулер өткізудің бастамашылары болды.
Қазіргі уақытта пайдалану вагон деполарындағы тапсырмалардың көпшілігі қолмен шешіліп келеді. Вагон тексерушілер хабарлама дәптерін жүргізеді, онда олар вагондардың жай-күйі туралы деректерді жазады. Анықталған ақаулықтар және вагонды жөндеуге ағытуды жүргізу қажеттілігі туралы тексеруші техникалық қызмет көрсету пунктінің вагон операторына парктік радиобайланыс арқылы хабарлайды, содан кейін қажетті формаларды ресімдеу үшін кеңсеге келеді. Жобаны іске асырғаннан кейін тексерушілер қағазбастылықтан босатылады. Мобильді қосымшаны енгізу уақытты үнемдеп, деректерді беру кезінде қателер болдырылмайды. Электронды құжат нақты уақыт режимінде вагонды қарау кезінде ресімделетін болады.
«Тексерушілер мобильді қосымшада жылжымалы құрамды тексеру барысында анықталған ақауларды тіркеп, вагон операторының порталына деректерді жібере және кері байланыс ала алады. Құрамды қарау қорытындыларын келісу осы порталда жүзеге асырылатын болады. Вагон шаруашылығы жұмысына жаңа технологияны енгізу персоналдың технологиялық тәртіп деңгейін арттырады және жылжымалы құрамға қызмет көрсету сапасын жақсартады", - деп атап өтті Қанат Көбесов.
Порталда ауысым мен тәулік үшін вагон депосының қызметі бойынша өспелі есептілік қалыптастырылады. Тәжірибені басқа вагон қызметтеріне таратқаннан кейін бүкіл ел бойынша бір депо, сондай-ақ вагон шаруашылығы бойынша талдау жүргізу үшін орталықтандырылған деректер базасы құрылатын болады.
«Дөңгелек үстелге» қатысушылар инновациялық логистикалық технологияларды енгізу, жылжымалы құрамды жаңарту және жаңғырту, нормативтік құқықтық базаны, мемлекеттік реттеу жүйесін жетілдіру, персоналды кәсіби оқыту, көлік ғылымының мәселелерді шешуге белсенді қатысуы, жүк иелеріне көліктік-логистикалық қызмет көрсету сапасына байланысты мәселелерді шешетінін атап өтті.
Сондай-ақ, көліктік сервисті арттырудың тиімді құралдары логистикалық аутсорсингті дамыту, «бір терезе» қағидаты бойынша жүк жөнелтушілерге кешенді қызмет көрсету модельдерін енгізу, логистикалық процестерді ақпараттандыру және цифрландыру болып табылатыны аталды.
Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды