Аяғанов Еркебұлан Бауыржанұлы

Аяғанов Еркебұлан Бауыржанұлы

Сексеуіл локомотив пайдалану депосы бастығының өндіріс жөніндегі орынбасары

-2008-2011 жылдар аралығында Қызылорда қаласындағы И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық колледждің «Тартқыш жылжымалы құрамдарға техникалық қызмет көрсету» мамандығы бойынша бітірген.

-2011-2014 жылдар аралығында Д.А.Қонаев атындағы көлік және құқық Гуманитарлық Уневирсететінің «Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану» мамандығы бойынша қызмет көрсету саласының бакалавры академиялық дәрежесі берілді.

-2014-2016 жылдар аралығында Қазақ қатынас жолдары уневерситетінің «Көлік, көлік техникасының және технологиялары» мамандығы бойынша техника ғылымдарының магистірі академиялық дәрежесі берілді.

-2007-жыл 12 желтоқсанда «ЛСО» АҚ «Қазалы локомотив сервис орталығы» филиалының Сексеуіл өндірістік телімінде жылжымалы құрамы жөдеушісі болып қызметімді бастадым.

-2011-2015 жылдар аралығында «ЛСО» АҚ «Қазалы локомотив сервис орталығы» филиалының Шиелі өндірістік телімінде ТҚК-2 жөндеушісі қызметін атқарды.

-2015-2016 жылдар аралығында «Локомотив» АҚ Сексеуіл локомотив пайдалану депосының ауысым шебері.

-2016-2017 жылдар аралығында «Локомотив» АҚ Сексеуіл локомотив пайдалану депосының аға шебері.

-2017-2019 жылдар аралығында «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ «ГП-Қызылорда бөлімшесі» филиалының қозғалыс қауіпсіздігі қызметінің бас маманы.

-2019 жылдық 14-қазанынан бастап «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ «ГП-Қызылорда бөлімшесі» филиалының Сексеуіл локомотив пайдалану депосы бастығының өндіріс жөніндегі орынбасары қызметін атқаруда.

-2019 жыл 14 желтоқсанда Жастар жылының байланысты ұйымдастылған «100 ЖАС ЕСІМ» байқауының жеңімпазы атанды.

-2020 жыл 7-ші шақырылған Қызылорда облыстық мәслихат депутаты.

Қалай ойлайсыз, сіздің тұлға ретінде қалыптасуыңызға не ықпал етті? Тек білім алғандар ғана сауатты маман деп санала ма?

Менің тұлға ретінде қалыптасуыма мектепте алған білімім, ата-анамның тәрбиесі және жұмыс ортасында үлкен ағаларымыздан алған ақыл кеңестері ықпал етті.

Өзіңіз туралы, өміріңіздегі маңызды (өзгеріс әкелген) оқиғалар туралы айтып берсеңіз.

Компаниямыздың жастар саясатын қолдауда үлкен жұмыс атқаруда, сол жастар саясаты арқылы форумдарға қатысып «Жеңіс» әлеуметтік қолдау жобасы арқылы шалғайда орналасқан ата-әжелерімізге барып қол көмегімізді беріп, тұрмыстық техникалық құралдарын алып үлкен қолдау көмек жасап сол арқылы 7-ші шақырылған Қызылорда облыстық мәслихат депутаты атанып үлкен өміріме өзгеріс әкеліп саясатта өз орнымды қалыптастырдым.

Кәсіби мансапты бастағанда ата-ананың қолдауы маңызды ма?

Әрине ата-анамның қолдауы, сенім білдіруі.

Өміріңізде немесе әріптестеріңіздің арасында үлгі тұтқан адам болды ма? Неліктен ол адам?

Жұмысқа орналасқанымнан бастап басшылық құрамда жүрген қызметтегі ағаларымды үлгі тұттым, өмір жолдарына зерттеу жасап, қызмет сатыларына талдау жасап өзіме үлгі қылып қолдана білдім.

Көп әрі өнімді еңбек еткен адам қалай демалады? Қандай хоббиіңіз бар немен әуестенесіз?

Жоспарлаған және тапсырылған жұмыс орындалып өз нәтиже бергенде нағыз демалыс деп ойлаймын. Жұмыстан бос уақытымда әдеби кітаптар және газеттерді оқып сөздік қорымды көбейтіп, дамытамын.

Отбасыңыз сіздің жұмысыңызға қалай қарайды?

Жауаптылықпен қарайды.

Қандай жеке қасиеттеріңіз жұмыста табысқа жетуге көмектеседі (мансаптық өсуге ықпал етеді)?

Жеке өзімнің ұйымдастырушылық және адамдармен жақын араласып әлеуметтік жағдайына мән беріп, сөйлесіп, тіл табысу арқылы көп жетістіктерді бағындыра білдім.

Жақын болашақта қандай жоспарыңыз бар? Қандай құзіреттер мен шыңдарды бағындырғыңыз келеді?

Болашақта теміржол саласында жастардың білімін көтеріп, жаңа дамыған заманның бағытына орай әр қызметкердің шыңдалып тәжірибелі маманға айналдырып, компаниямыздың көрсеткіштерін көтеріп сапалық қызмет жасау.

Университеттен кейін жұмысқа тұруға келген жас мамандарға қандай кеңес берер едіңіз?

Мамандықты дұрыс таңдап, компаниямыздың деңгейін көтеру.