Айнабекова Роза Игісінқызы

Айнабекова Роза Игісінқызы

«ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалының жетекші инженері – «Жол қозғалысы қауіпсіздігі басқармасының жол қозғалысы қауіпсіздігі жөніндегі аймақтық ревизорлар аппаратының жетекші инженері»

1988 жылы 17 желтоқсанда Қостанай облысының Октябрь ауданында өмірге келген. Үшінші буын теміржолшылар отбасында өсті. «Темір жол көлігіндегі қозғалысты ұйымдастыру және тасымалдау» мамандығы бойынша екі жоғары білімі бар. Темір жолдағы еңбек өтілі – 14 жыл, отбасылы, екі баласы бар.

– Менің ата-анам: Айнабеков Игісін қамбарұлы мен Айнабекова Саруар Болатқызы (темір жолда 33 жылдан аса жұмыс істеді) бала кезімнен маған тәртіп, еңбек және шыдамдылық сияқты қасиеттерді дарытты. Өсе келе мен теміржолдан басқа мамандық жайлы ойламайтын болдым. Арманымды орындау үшін мен тиісті теміржол оқу орнын таңдадым, содан кейін теміржолда жұмыс істей бастадым.

– Қалай ойлайсыз, сіздің тұлға ретінде қалыптасуыңызға не ықпал етті? Тек білім алғандар ғана сауатты маман деп санала ма?

– бірінші кезекте, әрине ол менің ата-анам. Олар өздерінің жеке үлгісімен сүйікті жұмысы мен өскен ортаға адалдықтарын көрсетті. Екіншіден, жұмыстағы мықты тәлімгерім, ол дағдылар мен жұмысқа деген дұрыс көзқарасты үйретті. Білім беру маңызды рөл атқарады деп есептеймін, өйткені белгілі бір білім мен теориясыз сауатты маман деп санау мүмкін емес. Иә, өз мамандығы бойынша жұмыс істемейтін адамдардың мысалдары көп, бірақ, менің ойымша, бұл ортақ тізбекпен байланыстың болмауы сияқты.

– Өзіңіз туралы, өміріңіздегі маңызды (өзгеріс әкелген) оқиғалар туралы айтып берсеңіз.

– Еңбек жолымды 2008 жылы Ақмола филиалы МКҚК Тайынша станциясында бастадым. Бұл үлкен ұжымы бар 3-санатты станция, негізінен тәжірибелі, білімді теміржолшылар, жастар аз десе де болады. Мен туған қалам Көкшетаудан келіп, вокзал жанында бір апаның үйінен бөлме жалдап тұрдым. Бұл ата-анамның жылы құшағынан шығып, өз бетімше өмір сүру кезеңі болды. Тәжірибе болмағандықтан әріптестерім мені дұрыс қабылдамайды деген үрей болды (ол кезде 18 жаста едім). Алайда, қысқа уақытта көп нәрсе үйреніп, әріптестеріммен тіл табыса білдім.

– Кәсіби мансапты бастағанда ата-ананың қолдауы маңызды ма?

– Әрине, қолдау болды. Басымнан өткен қиын жағдай есіме түсіп отыр, көп жұмыс жиналып қалған, кешке дейін техникалық құжаттамамен айналысуға тура келетін. Соның салдарынан демалыс күндері үйге баруды қойдым. Мен командаға жұмысымды көрсеткім келді және менің келуіммен нәтиженің жақсарғанын көрсеткім келді. Бір күні кешке ата-анама қоңырау шалып жұмыстан шаршағанымды, үйді сағынғанымды айтып шағымдандым. Оған ата-анам былай жауап қатты: «Қызым, үйге кел. Ауыр болса жұмыс істемей-ақ қой». Бұл сөздерден кез келген сәтте үйге баруыма болатынын, ешкім маған ұрсып, есеп алмайтынын түсіндім. Бірақ ата-анамды ұятқа қалдырып, жұмысты бітірместен әріптестерімді қалай қалдырып кетем деп ойладым. Бұл ойлар маған одан да көп қуат берді, осылайша бастаған нәрсені аяқтауға қалдым.

– Өміріңізде немесе әріптестеріңіздің арасында үлгі тұтқан адам болды ма? Неліктен ол адам?

– Белгілі бір адамды айта алмаймын. Әрдайым барлық адамның жағымды қасиетін көруге тырысамын және оны өз бойымда дамытуды қалаймын.

– Көп әрі өнімді еңбек еткен адам қалай демалады? Қандай хоббиіңіз бар немен әуестенесіз?

– Менің ойымша, көп әрі өнімді жұмыс істетйін адам дәл солай көп демала алмайды. Ондай адамның үнемі жаңа жоспарлары мен мақсаттары болады. Егер адам өзінің сүйікті ісімен айналысса, одан шаршамайды. Менің хоббиім – балаларыммен уақыт өткізу. Біз концертке барып, саябақта қыдырамыз. Бәріміз бірге видео түсіреміз. Өмірге балаларым келгелі әлемді басқа қырынан танып-біліп жатқандаймын.

– Отбасыңыз сіздің жұмысыңызға қалай қарайды?

– Қазір мен ауысымды кестемен жұмыс істеп жатырмын. Мен болмағанда балалар жұбайыммен қалады. Демалыс күндеріміз сәйкес келгенде уақытты отбасымызбен жақсы өткізуге тырысамыз.

– Қандай жеке қасиеттеріңіз жұмыста табысқа жетуге көмектеседі (мансаптық өсуге ықпал етеді)?

– Маған төзімділік, еңбексүйгіштік, икемділік пен оптимизм сияқты қасиеттер әлі көмектесіп келеді.

– Жақын болашақта қандай жоспарыңыз бар? Қандай құзіреттер мен шыңдарды бағындырғыңыз келеді?

– Кәсібилігімді одан ары дамытып, келешек жастарға өз тәжірибеммен бөлісетіндей биікке көтерілгім келеді.

– Университеттен кейін жұмысқа тұруға келген жас мамандарға қандай кеңес берер едіңіз?

– Қиындықтан қорықпай, алға батыл қадам жасаңыздар!