Бағаутдинов Қайрат Ринатұлы
Бағаутдинов Қайрат Ринатұлы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ «Ақмола магистральдық желі бөлімшесі» Курорт-Бурабай сигнализация және байланыс дистанциясының байланыс жөніндегі орынбасары
1987 жылы 1 қыркүйекте Қостанай облысы, Арқалық қаласында теміржолшылар отбасында дүниеге келген.
2000 жылы отбасымен Жалтыр вокзалына көшіп келді. 2004 жылы орта мектепті тәмамдаған соң, Астана көлік және коммуникация колледжіне «Темір жол көлігіндегі электр байланыс» мамандығына оқуға түсіп, ата-ана мамандығын таңдады.
2008 жылы колледжді бітіргеннен кейін Алматы қаласындағы Қазақ жол қатынасы университетіне сырттай оқуға түсті, сондай-ақ Атбасар сигнализация және байланыс дистанциясының Жалтыр станциясына электрмонтер болып жұмысқа тұрды. Сол жылы біліктілік емтихандарын тапсырып, сол цехқа байланыс электромеханигі болып ауыстырылды.
2012 жылы әкесі зейнетке шыққан соң дистанция басшылығының шешімімен цехты басқарды. 2014 жылы көршілес Қостанай филиалына Тобыл сигнализация және байланыс дистанциясы директорының байланыс жөніндегі орынбасары болып ауысып, 2018 жылға дейін жұмыс істеді.
2018 жылы Ақмола магистральдық желі филиалына ауысып, біліктілік іріктеуінен өтіп, Курорт-Бурабай сигнализация және байланыс дистанциясына байланыс бөлімі бастығының орынбасары қызметіне ауыстырылды, осы уақытқа дейін сол жерде жұмыс істейді.
– Қалай ойлайсыз, сіздің тұлға ретінде қалыптасуыңызға не ықпал етті? Тек білім алғандар ғана сауатты маман деп санала ма?
– Керемет ата-анамның тәрбиесі, ұстаздарымның берген білімі мен қоғам, дұрыс кітаптар мен достарым әсер етті. Сауатты деп танылуға білім ғана емес, сонымен қатар адамдармен қарым-қатынас, тәжірибе, өзін-өзі тәрбиелеуге деген ұмтылыс ықпал етеді. Білім ошағында оқуға үйретеді, сондықтан білімді адам үнемі жетіліп, дамуы керек.
– Өзіңіз туралы, өміріңіздегі маңызды оқиғалар туралы айтып берсеңіз.
– Қостанай филиалына ауысуымды кәсіби тұрғыдан маңызды оқиға деп есептеймін, өйткені өзіме қажетті құнды тәжірибені Тобыл дистанциясында алдым. Үш сүйкімді бала тәрбиелеп отырған сүйікті жарыммен кездесуімді де айтулы оқиға деп білемін. 2018 жылғы «Мерейлі жас теміржол отбасы» байқауының жеңімпазы атандық.
– Өміріңізде немесе әріптестеріңіздің арасында үлгі тұтқан адам болды ма?
– Біздің компанияда үлгі алғымыз келетін көптеген адамдар бар. Әр кезеңде – бұл әртүрлі адамдар. Біз жұмысқа келгенде қиын болып көрінетін қарапайым нәрселерді үйренеміз. Әріптестерімізге қарап үйреніп, соларға қараймыз. Қалыптасу және даму барысында жаңа құндылықтар мен білімдерді қалыптастыратын жаңа көшбасшылар пайда болады.
– Бос уақытыңызды қалай өткізесіз?
– Менің хоббиім – бұл көліктер, мен көлікті «шұқылағанды», оның техникалық сипаттамаларын жақсартуды ұнатамын. Кітап оқығанды, жақсы фильмдерді көргенді ұнатамын. Сондай-ақ әрине, бос уақытымды отбасыммен, балаларыммен өткізуге тырысамын.
– Отбасыңыз сіздің жұмысыңызға қалай қарайды?
– Мен теміржолшылар әулетіненмін. Ата-анам өмір бойы теміржолда еңбек етті, қазір лайықты демалыстарын шықты. Менің сүйікті жұбайым да теміржолшы, оның әкесі де жол шебері болып жұмыс істейді. Әрине, бәріміздің ортақ ісімізге деген көзқарасымыз бір – біз теміржолды қатты жақсы көреміз және оның дамуына әркім өз үлесін қосуға тырысады.
– Жақын болашақта қандай жоспарыңыз бар? Қандай құзіреттер мен шыңдарды бағындырғыңыз келеді?
– Алдағы жоспарым жұмыс істеу және көп жұмыс істеу. Сондай-ақ ағылшын тілін меңгеруді жоспарлап отырмын.