Гарипов Алмаз Азатұлы
Гарипов Алмаз Азатұлы
АЦД тасымалдау процесінің технологиялық жүйелері бөлімінің менеджері
Петропавлда дүниеге келген. Еңбек жолын 2007 жылдың сәуір айында Қарағанды ТЧЭ-14 депосында жүк тасымалы бойынша электровоз машинисінің көмекшісі болып бастады.
2010 жылдың наурыз айында біліктілігін арттыру курстарын бітіріп, электровоз машинисі болды. 2013 жылы тағы да «2-сыныпты электровоз машинисі» біліктілігін арттыру курсынан өтуге бел буып, жолаушылар пойыздарын басқаруға кірісті.
2018 жылдың қаңтарынан 2022 жылдың сәуіріне дейін локомотив бригадаларының машинист-нұсқаушысы, алдымен жүк, кейін жолаушылар тасымалы бойынша жұмыс істеді. 2022 жылдың сәуір айында «ҚТЖ» ҰК» АҚ департаменті – «Автоматтандыру және цифрландыру дирекциясы» мекемесіне менеджер қызметіне ауыстырылды, қазіргі уақытта сол жерде жұмыс істейді.
Отбасылы, үш ұлы бар.
– Сіздің тұлға ретінде қалыптасуыңызға не ықпал етті?
– Адамның тұлға болып қалыптасуына ең алдымен ата-ананың берген тәрбиесі мен айналасындағы адамдар әсер етеді. Білім тек бойында бар жеке қасиеттерді толықтырады, біліміңді шыңдайды.
– Өзіңіз туралы, өміріңіздегі маңызды оқиғалар туралы айтып берсеңіз.
– Әрине, мен үшін айтулы оқиға «ҚТЖ-ның 100 жас тұлғасы» бағдарламасы болды, оған қатысу арқылы көптеген жаңа таныс таптым, бойымдағы жаңа қасиеттер ашыла түсті.
– Кәсіби мансапты бастағанда ата-ананың қолдауы маңызды ма?
– Өз ісінің кәсіби маманы болып қалыптасуының бастапқы кезеңінде ата-ананың, туған-туыстың қолдауы қажет. Ата-анам мені әрқашан қолдайды.
– Өміріңізде немесе әріптестеріңіздің арасында үлгі тұтқан адам болды ма? Неліктен ол адам?
– Мен алдымдағы әпкеме қарап бой түзеймін. Ол ақылды, сауатты, позитивті, оптимизмге толы жан. Әріптестерімнің арасында құрметті, білікті, шыншыл, әділ, жанашыр тұлға ретінде танылған Қарағанды қаласының ТЧЭ-14 локомотив депосының машинист-нұсқаушысы Е.Л. Ильинді атап өткім келеді.
– Бос уақытыңызды қалай өткізесіз?
– Демалуға уақыт бола бермейді, бірақ мүмкін болып жатса отбасымен бірге өткіземін. Бос уақытымда футбол, волейбол ойнағанды, таза ауада кешкі жүгіруді ұнатамын. Менің отбасым менің жұмысыма түсіністікпен қарайды және шешімдерімде әрқашан қолдау көрсетеді. Екі үлкен ұлым да футболды жақсы көреді, мүмкіндік болғанда бірге ойнаймыз.
– Қандай жеке қасиеттеріңіз жұмыста табысқа жетуге көмектеседі?
– Өз ісіндегі жаңа білім, табандылық, өзіне деген адалдық, сондай-ақ одан әрі дамуға және жетіле түсуге ұмтылу еңбекте табысқа жетелейді.
– Жақын болашақта қандай жоспарыңыз бар? Қандай құзіреттер мен шыңдарды бағындырғыңыз келеді?
– Мен өз департаментімде жұмысты жалғастырып, әріптестеріммен бірге одан әрі дамытып, жаңа жобаларды жүзеге асыруды жоспарлап отырмын. Сондай-ақ сыни ойлауды дамытқым келеді, басқару тәжірибесін алғым келеді, уақытты басқарудың жаңа қырларын меңгергім келеді. Болашақта жұмысымда биік белестерді бағындырсам деймін.
– Университеттен кейін жұмысқа тұруға келген жас мамандарға қандай кеңес берер едіңіз?
– Ештеңеден және ешкімнен қорықпаңыз, тырысыңыз, батыл болыңыз! Ең бастысы, қателесуден қорықпаңыз.