Биыл солтүстік өңір бойынша 207,5 шақырым темір жол күрделі жөндеуден өтті

Инфрақұрылым
26.10.2021, 11:12
Оқуға 2 мин
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

ҚТЖ ұлттық компаниясының сенімді серіктесі болып табылатын «Теміржол жөндеу» мердігерлік компаниясы солтүстік өңірде биылғы жылдың соңғы жұмысына нүкте қойды. Яғни, межеленген күрделі жөндеу толықтай аяқталып, жоспар 120 пайызға асыра орындалды, деп хабарлайды Rail-news.kz. Таратып айтсақ, соңғы нүкте – солтүстіктегі Сарыоба-Еркіншілік теліміндегі 19,11 км жол күрделі жөндеуден өтіп, жаңа келбетке ие болды. Телімде Астана жол машиналары станцияларының жұмысшылары «Теміржол жөндеу» ЖШС теміржол құрылысы және жөндеу бойынша директоры Қайрат Ақпаровтың жетекшілігімен 12 сағаттық технологиялық толаскез алып, ластанған балласты тереңнен қазып, тазарта отырып, 1500 метр көлеміндегі су жаңа темірбетон рельс торкөздерін салды. Жалпы серіктестіктің үш тоқсандағы жұмыс қорытындысына келсек, келісімшарт бойынша 172,3 км жол күрделі жөндеуден өтуі тиіс болса, нақтысында 207,5 км жол жөндеуден өтіп, жоспар 120% орындалып отыр. Соның ішінде, Ақтөбе ЖМС 70 км жуық жолға күрделі жөндеу жүргізсе, Астана ЖМС – 54,8 км, Бірлік ЖМС – 48,3 км жолға, ал Шар өндірістік учаскесі 35 шақырымға жуық жолға күрделі жөндеу жүргізген. Сондай-ақ, 167,5 км жолдың рельстері жаңа ұзынөлшемді түйіспесіз иіндермен алмастырылса, 509 мың текше метр жолдың қиыршық тастары балласталып, нығайтылды. «Теміржол жөндеу» компаниясының жұмысшылары өз міндеттерін абыроймен атқарып шықты. Біз барлық жұмысшыларға өнімді де адал еңбектері үшін алғысымызды білдіреміз. Ұжым ұйымшыл болғанда, алынбас қамал, бағындырмас белес жоқ», – деді мердігер компания басшысы Қайрат Ақпаров. Осы ретте, Магистральдық желі дирекциясында қабылданған өндірістік бағдарлама шеңберінде жүзеге асырылып жатқан теміржолдарды сауықтыру, жаңғырту және жаңалау шараларының басты мақсаты – негізгі транзиттік бағдарларды өткізу қабілеттілігін ұлғайтумен қатар жолаушылар және жүк пойыздарының қозғалыс қауіпсіздігін сақтай отырып, олардың жылдамдығын ұлғайтуға бағытталып отырғанын атар едік. Жұмыстар үстіміздегі жылдың сәуір айында оңтүстік өңірде басталған еді. Жолдарға күрделі жөндеу арнайы әзірленген жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкес екі тәсілмен жүргізілуде. Оның бірі SMD-80 техникасының көмегімен балласты тазалай және үстінен толықтыра отырып, шпалдарды ауыстыру, сонымен қатар RM-80, ХДВ, ЭЛБ, ВПО-3000, Duomatic, DGS, PBR машиналарының кешенін қолдана отырып, рельстерді түйіспесіз рельс иіндеріне ауыстыру болса, екінші тәсіл, жаңағы ауыр машиналар кешені мен УК25/9-18 кранын пайдалана отырып, рельстерді, шпалдар мен балластарды тұтастай алмастыру болып отыр. Жүрістің бір қалыпты болуын қамтамасыз ету үшін ПРСМ рельс дәнекерлеу машинасын қолдана отырып, учаске блогына дейінгі түйіспесіз рельс иіндеріне дәнекерлеу жұмыстары жүргізілуде.

Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан мен Бельгия порттар арасындағы серіктестікті дамытуды көздейді
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан арқылы транзиттік тасымал көлемі 13,1%-ға өсті
Жаңалықтар
13.10.2026
Теміржолшылар «Семей орманы» резерватында 3500 қарағай көшетін отырғызды
Әлемде
13.10.2026
Stadler АҚШ нарығына арналған алғашқы аккумулятордан қуат алатын пойызды таныстырды
Жаңалықтар
13.10.2026
ҚТЖ өндірістік оқыту жүйесін жетілдіруде
Сұхбат
13.10.2026
Шығыннан – тиімділікке дейін
Жаңалықтар
13.10.2026
«Жас үздік маман» байқауы мәреге жетті
Аймақтар
13.10.2026
417 теміржолшы білімін арттырды
Қауіпсіздік
13.10.2026
Теміржолда балаларды тасымалдау кезінде санитарлық талаптарды сақтау ескертілді
Жаңалықтар / Мұрағат
13.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №81 13 қазан 2026 жыл
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты