Биыл 567 шақырымнан астам жол жөнделмек

Инфрақұрылым
08.02.2022, 11:00
Оқуға 2 мин
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Өткен жылды табысты көрсеткіштермен тәмамдаған «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының алдында биыл қандай міндеттер тұр? Ең алдымен теміржол инфрақұрылымын дамыту мәселесі тұрғаны анық. Үстіміздегі жылы Компания бойынша 567,5 км жолды күрделі жөндеуден өткізу жоспарланған.

Магистральдық желі дирекциясы алға тартқан мәліметтерге сүйенсек, инфрақұрылым мәселелері бойынша 2021 жылы жолды жөндеу жұмыстарының жоспары 7% асыра орындалып, 1 031 км-ді құраған. Оның ішінде 582 км жол күрделі жөндеуден өткен. Биыл күрделі жөндеу бойынша бұл көрсеткіш өткен жылға қарағанда 14 км аз болып отыр.

Компания күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу барысында транзиттік учаскелерге басымдық беріп отырғанын айтар едік. Мәселен, былтыр жөндеуден өткен 309 км жол транзиттік телім еншісіне тиесілі және ол жолды күрделі жөндеудің жалпы көлемінің 53%-ын құраған. 2021 жыл еншісіндегі тағы бір жағымды жаңалық – бағыттағыш бұрмалардың 513 жиынтығы сатып алынып, ауыстырыла бастауы. Теміржол инфрақұрылымының аса маңызды бөлшегі болып табылатын бағыттағыш бұрмалар 2018 жылдан бері алынбаған екен. Демек, бес жүзден аса бұрмалар тозу деңгейін біршама төмендетпек.

Сонымен қатар, дирекция мамандары берген мәлімет бойынша былтыр жол машиналарының кешендерімен 6 мың км жолда сауықтыру жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде жолаушылар пойыздары үшін 774 километрде, жүк және контейнерлік пойыздар үшін сәй- кесінше 542 км және 1037 шақырымда жылдамдыққа қол жеткізілген.

Жол және құрылыстар департаментінің директоры Ербол Сәулебековтің айтуынша, күрделі жөндеу барысында пайдаланылатын жолдың жоғарғы құрылымы материалдарының бәрі – отандық өндіріс өнімдері. Теміржолдың негізін қалаушы темірбетон шпалдар «КазШпал» АҚ, «БЕНТ», «NORD Пром НС», «Магнетик» кәсіпорындарының шпал зауыттарынан шығарылса, балласт – жергілікті шағыл тас зауыттарының материалдары. Ал рельстер Ақтөбе рельс-арқалық зауытының өнімдері болып табылады. Тек металл бұйымдары – нығайтқыштар Ресейден сатып алынуда.

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды