Қызылордада ағаш шпалға бекітілген 4 бұрма темірбетонға ауыстырылды

Инфрақұрылым
29.04.2022, 09:40
Оқуға 1 мин
©Rail-news.kz
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Қызылорда магистральдық желі бөлімшесіне қарасты Қазалы жол дистанциясының жолшылары Бекбаулы, Шөміш, Еңбекшіқазақ және Қазалы станцияларында бағыттама бұрмалары жинағын ауыстырды, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Қазалы қалпына келтіру пойызының көтергіш ЕДК-500 кранының көмегімен әр бекетте кезегімен алты сағаттық толаскез алынып, бұрынғы ағаш шпалға бекітілген бағыттама бұрмалары темірбетонға алмастырылды. Қызылорда магистральдық желі бөлімшесі жол бөлімінің инженері Аралбек Нұрмағанбетов толаскезге берілген уақыт тиімді пайдаланылып, жоспарлы жұмыстардың нәтижелі аяқталғанын жеткізді.

Айтуынша, бұған дейін Қызылтам бекетінде де бағыттама бұрманы жаңалаған қазалылық жолшылардың бұл жұмыста тәжірибелері жеткілікті. Жұмыс жоспарға сәйкес, жол күтімін жасаудың кешенді негізінде іске асырылған. Дистанцияға қарасты телім жолшылары барлық жұмыстардың технологиялық талаптарға сай жүргізілуін бақылауда ұстады.

– Толаскез кезінде телімдерден кесте бойынша өтетін пойыздардың кідірісіне жол берілген жоқ. Жолшылармен бірге қазалылық белгі берушілер мен байланысшылар, электрмен жабдықтаушылар және станция теміржолшылары да толаскезге қатысып, өздеріне тиесілі жұмыстарды сапалы атқаруға күш салды, – дейді жол бөлімінің инженері Аралбек Нұрмағанбетов.

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды