Табиғаттың тосын мінезі Маңғыстаудағы ревизорлардың жұмысын күшейтті

Инфрақұрылым
08.06.2022, 09:45
Оқуға 2 мин
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Теміржол көлігінде тасымалды қамтамасыз етуші мекемелер үшін ең маңызды көрсеткіш – қозғалыс қауіпсіздігі. Жүк және жолаушы тасымалын жүзеге асыратын салада қауіпсіздіктің сақталмауына не кедергі? Өңірдегі қауіпсіздік ревизорларының жұмысына көз жүгіртсек...

Маңғыстау теміржолында бұл салада аймақтық бас ревизор мен бес салалық ревизор және бір жетекші инженер қызмет етеді. Түбек теміржолындағы қауіпсіздіктің сақталуы мен қамтамасыз етілуі осы мамандардың тікелей назарында. Соңғы кездері өңірде болып жатқан табиғи жағдайлардың салдарынан теміржолға төнетін қауіп көбейген. Теміржолды құм басудан бөлек, жақында жауған нөсер жауынның да зардабы болмай қалған жоқ, соңғы жылдағы қуаңшылық кесірінен төрт түлік малдың талғажау іздеп теміржолды жағалауы да қозғалыс қауіпсіздігіне кері әсерін тигізіп отыр. Жыл басынан мамыр айына дейінгі көрсеткіш бойынша жолға шыққан мал үшін машинистер 16 шұғыл тежеу беріп, 12 жағдайда мал басылған. Ал өткен жылы бес айда 67 рет мал басу оқиғасы тіркелген екен... Өткен жылғы жағдайдан соң ревизорлар бірқатар шұғыл шаралар қабылдап, оқыс тежеулердің саны жүзден асып кетуіне орай дабыл қаққан. Жергілікті әкімдіктермен, мекемелермен бірлесіп түрлі кезде- сулер өткізіп, халық арасында түсінік жұмыстарын күшейткен. Нәтижесінде биыл келеңсіз оқиғалар саны әлдеқайда азайған.  

– Теміржолды құм басып қалу да аймақтағы басты проблеманың бірі. Ал кешегі мамыр айының басында жауған нөсер бұл мәселені тіпті ушықтырып жіберді. Жауын суынан белгі беру-байланыс жүйесінің жұмысы зақымданып, жолдардың жалған бос болмауы көбейіп кетті. Ол өз кезегінде жолаушылар тасымалы мен жүк тасымалы кестесінің бұзылуына, пойыздардың тоқтап қалуына әкеліп соқты, – дейді РБ-14 жетекші инженері Нұрсұлтан Аяпов.  

Қауіпсіздік ревизорлары көктемгі және күзгі байқаулардан бөлек ай сайын өздеріне бекітілген телімдерге шығып, қауіпсіздіктің сақталуын қадағалайды. Мекемелерді аралап, қауіпсіздік жағдайын тексереді. Айына әр ревизор жобамен бірнеше нысанды қамтыған төрт-бес акт тіркейді. Теміржолшылдардың білімін тексеріп, осалдық танытқандарын қайта емтиханнан өткізеді. Тиісті тапсырмалар мен бағыт-бағдар береді. Маңғыстау бойынша Опорная станциясынан әрі қарай Шалқарға, бергі шеті Қарақалпақстанға дейін, бір жағы Ақтау, теңіз порттарына, енді бір ұшы Түркіменстанмен шекара Болашаққа дейінгі аумақты алатын телімде 15 мекемеге қатысты қозғалыс қауіпсіздігінің мүлтіксіз сақталуын бақылайтын ревизорлардың әрқайсысының бекітілген міндеті бар. Біреуі қозғалысты, екіншісі тепловоз шаруашылығын, үшіншісі жол шаруашылығын қадағалайды.

Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті