Төретам менДиірментөбе станциялары арасындағы телімдерде реле ауыстырылып жатыр

Инфрақұрылым
21.06.2022, 18:17
Оқуға 2 мин
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Теміржол телімдеріндегі белгі беру және байланыс құрылғыларының технологиялық талапқа сай жұмыс жасап бабында болуы ең алдымен оның күтіміне байланысты.

Құрметті теміржолшы Ғани Ысқақов басқаратын Қазалы белгі беру және байланыс дистанциясының теміржолшылары құрылғыларға күнделікті күтім жасаумен қатар Төретам мен Диірментөбе станциялары арасындағы телімдерде реле ауыстыруда. Дистанция бастығының СОБ жөніндегі орынбасары Жанболат Досжановтың басшылығымен жоспарлы жұмыс Шалқар әдісімен жүргізіліп, он күн ішінде аяқтауды көздеп отыр. Релелік шкафтардағы монтаждау жұмысына 26 теміржолшы екі-екіден бөлініп жұмыс істеп жатыр. Қажетті құрал саймандар жеткілікті. Алғашқы тәжірибе нәтижесіз емес.  

Жадырасын Бейімбет, Байқожа станциясының аға электромеханигі Серікбек Бураханов, Қазалы-Жосалы телімінің бастығы Жаслан Қартабаев, Арал теңізі станциясының электромеханиктері Арман Бүркітбаев пен Берік Нұров сынды тәжірибелі мамандар діттеген жұмыстың дер кезінде сапалы орындалуына атсалысуда, – дейді дистанция бастығының орынбасары Жанболат Досжанов. Шалқар тәсілі – бұл теміржол бойындағы қандай да бір шұғыл жұмыс немесе күрделі жөндеу кезінде екі жолдың бірінің жабылу қажеттігі туындағанда қолданылатын әдіс. Яғни екі жол бойында жұмыс жасаған байланыс құрылғыларын бір жолда жұмыс жасауға шектеп, автобұғат жасау. Байланыс құрылғысын автоблоктау шараларын телім басына бармай-ақ релелік шкафта бұғаттап шектеу арқылы, байланыс құрылғыларының әрекетін бір жолдың бойымен жұмыс жасауға реттеу арқылы телімнен өтетін пойыздарды кідіріссіз өткізу. Бұл әдісті алғаш рет шалқарлық шеберлер қолданғандықтан қазіргі таңда теміржолшылар арасында «шалқар тәсілі» деген атпен кең тараған.

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды