Қазақстан жаңа теміржол жобасына 800 млрд теңге жұмсағалы отыр

Инфрақұрылым
22.10.2022, 10:28
Оқуға 2 мин

Қазақстанда теміржол жобаларына 800 млрд теңге бағытталады. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Rail-news.kz. LS.kz сайтына сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, Қазақстанда транзиттік әлеуетті дамыту үшін үш теміржол учаскесін салу жоспарланып отыр. Оның ішінде 2022-2025 жылдары Достық - Мойынты теміржол учаскесінің екінші жолдары салынады. Оның құны 543 млрд теңгені құрайды.

Азаттық рухы сайтының мәліметінше, 2023-2024 жылдары Алматыны айналып өтетін темір жолға 94 млрд теңге қажет. Дарбаза-Мақтарал жаңа теміржол желісінің құны 162 млрд теңгеге бағаланады. Құрылыс 2024-2025 жылдары жоспарланған.

ИИДМ жаңа жолдар есебінен жеткізу мерзімі жеделдетілетінін, өткізу қабілеті артатынын атап өтті.

Сондай-ақ, транзитті дамыту аясында Транскаспий халықаралық көлік маршрутының өткізу қабілетін қазір 6 млн тоннадан 2025 жылға қарай 10 млн тоннаға дейін ұлғайту жоспарланып отыр. Осыған байланысты Ақтауда 10,4 млрд теңгеге контейнерлік хаб салынатын болады. Жобаға MAERSK, COSCO, PSA International сияқты әлемдік логистикалық компаниялар тартылады деп жоспарлануда.

Әзербайжандық тасымалға тәуелді болуды тоқтату үшін паром флоты (10 бірлік) салынады. Бір паромның болжамды құны құрылымына байланысты 37 миллион доллардан 40 миллион долларға дейін жетеді.

«ТМККК әлеуетін арттыру үшін Әзербайжан, Грузия және Түркия тарапынан инфрақұрылымдық шектеулерді жою жөнінде шаралар қабылдау қажет», – деп атап өтті Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі.

 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды