Қазандықтардың күйі қалай?

Инфрақұрылым
09.12.2022, 10:07
Оқуға 3 мин
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Атырау жүк тасымалы бөлімшесінде биылғы жылыту маусымы уақытылы басталды. Дегенмен, Екібастұз қаласында орын алған төтенше жағдайдан кейін өңірлерде жылыту құбырлары мен қазандықтардың жай-күйі жіті бақылауға алынды.

Бөлімше бастығы Аслан Базарғалиев биылғы жылыту маусымына дайындық сонау көктемгі байқау кезінде басталғанын жеткізді. 

«Сол кезде өңірдегі барлық өндірістік-техникалық ғимараттардың, жылыту қазандарының жағдайы жіті қаралды. Тексеру кезінде кейбір қазандар мен жабдықтардың, жылыту жүйесінің сапасыздығы анықталып, оларды ауыстыру және жөндеу жұмыстарын жүргізуге тапсырма берілді. Ол үшін әрине қаражат көздері іздестірілді, жаз бойы аймақтағы бүкіл жылу жүйесін қысқа сақадай сай етуді мақсат еттік. Қай жерде қазандық ескі немесе ақау бар, сол нысанға баса назар аударып, тиісінше ауыстыру немесе күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде барлық жұмыстар уақытылы аяқталып, қысқа қысылмай келдік», – дейді ол.  

Мәселен, Мақат станциясындағы механикаландырылған вагон жөндеу кәсіпорнында көмірмен жағылатын жылыту қазандары болатын. Бұған дейін ол қазандар орталықтандырылған әдіспен Мақат басындағы бірнеше ғимаратқа жылу беріп тұрған. Олар – техникалық қарау пункті, механикаландырылған вагон жөндеу кәсіпорны және Атырау вагон пайдалану депосының компрессорлық құрылғыларды қуаттау және орталықтандырылған электр посты ғимараттары. Бұлардың бәрі де Атырау магистральдық желі бөлімшесінің теңгеріміндегі нысандар. 2021-2022 жылыту маусымының соңында 1981 жылы салынған көмірмен жағылатын жылыту қазандарының әбден тозып, істен шығуына байланысты жұмысы тоқтатылған. Соған орай бөлімше «ҚТЖ-Жүк тасымалы» басшылығымен бірлесе отырып қаражат көзін қарастырып, жылыту жүйелеріне жөндеу жүргізумен қатар аталған ғимараттарды жылытатын 3 дана «Тула-3» жеке электр қазандарын орнатқан. «Бұрынғы қара күйе қазандардан құтылып, жаңа электр қазандарын орнаттық, қазіргі уақытта барлық қазандар қалыпты жұмыс жасап тұр» дейді.  

Сол секілді Атырау вагон пайдалану депосының ТО-2 цехында қазандар жөндеуден өткен. Құлсары станциясындағы орталық автоматтандырылған дөңесінің 3 қабатты әкімшілік ғимаратының жылу жүйесі де түгелдей ауыстырылыпты. Негізінен Атырау облысында газдандыру жұмыстары жүз пайыз дерлік аяқталып, барлық мекемелер, көп қабатты және жеке тұрғын үй секторлары көгілдір отынға қосылған. Әйтсе де, кейбір станция-разъездер, мысалы Ескене және Доссор мен Сағыз сынды станциялар, барлық шағын бекеттер электр қазандарымен жылытылады. Ал Атырау, Ақжайық станциялары қалалық орталық жылу жүйесіне қосылған. Бүгінде өңірде көмір жағатын теміржол мекемесі жоқ. Рас, «Жолаушылар тасымалы» АҚ Атырау телімі жолаушылар вагондарын жылыту мақсатында көмір пайдаланады, ал әкімшілік ғимараты газбен жылытылады. «Көмір жеткілікті. Теңгерімде 108 вагон бар, көмірді бәріне де теңдей бөліп беріп отырмыз, ол жағынан қам жемейміз» дейді телім басшысы Әлмұқан Есқалиев.  

Қалпына келтіру, өрт сөндіру пойыздарында да көмір жеткілікті. Атырау магистральдық желі бөлімшесіне қарасты ғимараттарда да жылу қазандары жүйелі жұмыс жасап тұр. Өңірде жұмысшылар үшін 10 жылыну қосыны болса, бәрі де электр қазандарымен жылытылады. Жалпы алғанда, бүгінде барлық жерде жылу жүйелі беріліп, жұмысшыларға жағдай жасалынып отыр. Әрине, Ганюшкинода, Құлсарыда, кейбір шағын бекеттерде әлі де жөндеуді қажет ететін қазандар бар, қазір сол бағытта жұмыстар жүргізіліп жатыр.

 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды