Қызылорда станциясындағы жаяу жүргіншілер көпірі жарықтандырылды

Инфрақұрылым
09.01.2023, 11:48
Суретті түсірген автор
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Қызылорда станциясындағы жаяу жүргіншілер көпіріне Қызылорда жол дистанциясы еңбеккерлерінің шаруашылық есебінен әрі өз күштерімен электр шамы орнатылды.  

Аймаққа танымал теміржолшы Марат Оңалов басқаратын Қызылорда жол дистанциясының теміржолшылары 1955 жылы салынған бұл көпір түрлі ағымдық күтім жұмыстарының нәтижесінде теміржолдың екі бетіне орналасқан тұрғындардың пайдасына жарап келеді. Дегенмен жол дистанциясының теңгеріміне енгізілген көпірден түн мезгілінде өтетін жолаушылардың қозғалысына қолайсыздық тудырған, осылайша жүргіншілердің ұсынысы ескеріліп көпір жарық шамымен қамтамасыз етілді.

Дистанциялықтардың қажырлы да қарымды әрекеттерінің нәтижелі болуы үшін салалық әріптестеріне сұрау салынып, тапсырыс берілген. Сұралған тапсырысты Алпамыс Сағымов басқаратын Қызылорда электрмен жабдықтау дистанциясының электрмен жабдықтаушылары қол ұшын беруге келісім беріп участок басшысы Еркебұлан Жақсылықов пен электромонтерлер Ермек Райханов, Мақсат Бақытбектер жүргіншілер мен жолшылардың сұранысын іске асырды.

– Біздің дистанцияға берілген тапсырысты қанағаттандыру мақсатында Қызылорда станциясындағы жаяу жүргіншілер көпіріне электр шамы орнатылды. Түн мезгілінде көпірдан өткен жүргіншілерге көпір тепкішектері анық әрі жарық болып көрінуі үшін қуаты жоғары жарық шамы биік бағанаға бекітілген шамға жалғанды. Бізбен бірге Қызылорда жол дистанциясының көпір бригадасының тобы жұмыс істеді. Мұнан кейін бұл көпірдің түнгі уақытта жарықпен қамтылуы төңірегінде мәселе туындамайтын болады, себебі жарықтандыру жұмыстары барлық техникалық қауіпсіздік талаптары шеңберінде орындалды, – деді көпірді жарықтандыру жұмыстарын жасаған участок басшысы Еркебұлан Жақсылықов.

 

Әлемде
26.08.2026
Иран мен Ауғанстан арасында жүк тасымалы 8 есе өскен
Жүк тасымалы
26.08.2026
ҚТЖ желісімен 8 млн тоннадан астам астық тасымалданды
Әлемде
26.08.2026
Болгарияда Skoda Group электропойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Әлемде
26.08.2026
Жапонияда Токио – Нагоя маглев желісінің құрылысы қайта жандануы мүмкін
Жаңалықтар
26.08.2026
Қазақстанда қала маңы электр пойыздары жаңартылады
Жаңалықтар
25.08.2026
Бурабай курортының теміржолшысы 100 жылдық мерейтойын атап өтті
Жүк тасымалы
25.08.2026
ҚТЖ жаңа жылыту маусымына 19,5 млн тоннадан астам көмір жеткізді
Инфрақұрылым
25.08.2026
Алпыс сағаттық ауқымды жұмыс
Аймақтар
25.08.2026
Үздік жолшылар ұжымы – Құлсарыда
Аймақтар
25.08.2026
Қызылордалық теміржолшылар жүк тасымалын табысты үйлестіріп отыр
ҚТЖ келбеті
25.08.2026
Қауіпті ақауды дер кезінде таныған маман
Әлеумет
25.08.2026
Ізгі дәстүр: Теміржолшылар бірінші сыныпқа баратын балаларға қолдау көрсетті
Аймақтар
25.08.2026
Ұрлық түбі – қорлық
Жаңалықтар / Мұрағат
25.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №67 25 тамыз 2026 жыл
Қауіпсіздік
24.08.2026
Қауіпсіздікке талап қашан да жоғары
Әлеумет
24.08.2026
Жамбылда 235 бүлдіршінге мектеп құралдары берілді
Жаңалықтар
24.08.2026
ҚТЖ Trip Optimizer және Kinetix-ті қолдануды кеңейтеді
Трансформация
24.08.2026
Олжас Бектенов көлік саласының трансформациясын тексерді
Жүк тасымалы
24.08.2026
Елімізде теміржол транзитін автоматтандыру аясы кеңейді
Жаңалықтар
24.08.2026
Қазақстан теміржол транзитін рәсімдеуді алты есе жылдамдатты