Қытайдан Еуропаға жүк ағыны екі есе өседі, біз бұған дайын болуымыз керек – Әлихан Смайылов

Инфрақұрылым
25.02.2023, 14:37

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Жетісу облысына жасаған жұмыс сапары барысында жүк тасымалының өсуі, Қазақстанның транзиттік әлеуеті туралы айтты, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Жетісу облысына барған Әлихан Смайылов өңірдің көлік-логистикалық және агроөнеркәсіптік әлеуетін дамыту барысымен танысты.

Талдықорған әуежайында Үкімет басшысына өңірде салынып жатқан автожолдар, Үшарал қаласындағы әуежайдың ұшу-қону жолағын қайта жаңарту, сондай-ақ облыстың Алакөл ауданында транзиттік инфрақұрылымды дамыту туралы баяндама ұсынылды.

Жиын барысында Әлихан Смайылов қабылданып жатқан шаралар мен қалыптасып отырған сыртқы экономикалық ахуалдың нәтижесінде Қазақстан Азия мен Еуропа арасындағы маңызды құрлық дәлізіне және әлемдік маңызы бар көлік-транзиттік тораптардың біріне айналатынын атап өтті.

«Облыста транзиттік әлеуетті дамыту үшін барлық ресурстар бар. Оның аумағында “Достық” және “Нұр жолы” екі халықаралық өткізу пункті, “Достық” және “Алтынкөл” шекаралық теміржол стансалары орналасқан, халықаралық транзиттік маршруттар өтеді. Өңірдің барлық мүмкіндіктерін көлік-логистикалық салаға тарту қажет», — деді Премьер-Министр.

Үкімет басшысы бұл бағытта Достық – Мойынты темір жол учаскесінде екінші жолдардың құрылысы уақтылы басталғанын атап өтті, өйткені Қытайдың шектеулерді алып тастауы аясында Еуропаға жүк тасымалдау қарқынды өсуде.

«Қытай пандемия кезіндегі шектеулерді алып тастады. Соған сәйкес Еуропаға жөнелтілетін жүк ағыны екі есеге өсіп отыр, біз бұған дайын болуымыз керек. Қытай тарапы қазір соңғы шектеулерді алып жатыр, сондықтан контейнерлі жүк ағыны пандемияға дейінгі кезеңдегідей екі есе өседі. Сол себепті біз Президенттің тапсырмасымен Достық – Мойынты темір жол учаскесінде екінші жолдардың құрылысын бастадық», — деді Әлихан Смайылов.

Айта кетсек, 2022 жылдың қарашасында Достық – Мойынты теміржол учаскесінде екінші жолдың құрылысы басталған болатын. Ұзындығы 836 км жаңа теміржол желісін іске қосу отандық өнімнің экспортын ұлғайтуға және елдің транзиттік әлеуетінің өсуіне ықпал етпек. Құрылыс барысында 419 құрылыс нысаны, атап айтқанда 5 ірі көпір, 87 шағын және орта масштабтағы көпір, 288 су жүргізу құбыры, 14 автожол өткелі салынады, сондай-ақ энергетика және байланыс объектілерін салу жоспарланып отыр. Құрылыс 2025 жылдың 4-тоқсанында аяқталуы тиіс.

Премьер-Министр сонымен қатар Үшарал қаласындағы әуежайдың ұшу-қону жолағын қайта жаңартуды аяқтаудың маңыздылығын атап өтті, соның арқасында үлкен фюзеляжы бар әуе кемелерін қабылдау мүмкіндігі пайда болды. Оның айтуынша, жүргізіліп жатқан автожолдарды жаңғырту және қосымша пойыздарды іске қосумен бірге, бұл Алакөл және Балқаш көлдерінің туристік аймақтарын дамытуға айтарлықтай әсер етеді.

Әлихан Смайылов жалпы көлік саласында заманауи инфрақұрылымды құру үшін Үкімет ірі халықаралық серіктестерді тартатынын айтты. Атап айтқанда, «Достық» станциясында көпфункционалды жүк тасымалдау терминалы салынды. Жалпы жүк айналымы жылына 1 млн тоннадан астам, инвестиция сомасы 3 млрд теңгені құрайтын қойма қуатын енгізу жоспарланған. Сондай-ақ 500-1000 бірлікке арналған еурофур жеке паркін қалыптастыру жоспарлануда. Бастапқы кезеңде мұнда инвестициялардың жалпы көлемі 5 млрд теңгеден асады.

 

Инфрақұрылым
22.09.2026
ҚТЖ Бейнеу бағытында автоматика жүйесін жаңғыртуда
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ 150 мың тонна болат құбырды мультимодальды бағытпен тасымалдайды
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ локомотив бригадаларының біліктілігін арттыруда
Трансформация
22.09.2026
SAP жүйесі: ҚТЖ үшін озық цифрлық шешім
Аймақтар
22.09.2026
Семейде тәулігіне кемі 350 вагон көмір тиелуде
Станция тынысы
22.09.2026
Шиелі станциясы өндірістік жоспарды межеден асыра орындады
Аймақтар
22.09.2026
Шу локомотив пайдалану депосында студенттерге «Ашық есік күні» өтті
Қауіпсіздік
22.09.2026
Астана жол дистанциясы оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Спорт
22.09.2026
«Теміржол қалқаны» – жеңімпаз
Спорт
22.09.2026
Жігіттердің осалы жоқ
Жаңалықтар / Мұрағат
22.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №75 22 қыркүйек 2026 жыл
Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады