Өткен аптада «ҚТЖ» ҰК» АҚ желісінде 20 мың шақырымнан астам темір жол желісі қардан тазартылды. Тазалау жұмыстарына арнайы техника жұмылдырылды, деп хабарлайды Rail-news.kz.
Қардан аршу және қар тазарту машиналарымен 313 рет шығу жүзеге асырылды.
Бағыттамалық бұрмалар сияқты техника жете бермейтін қиын жерлерді 10 мыңнан астам теміржолшы тазартты.
Апта ішінде шамамен 82 мың текше метр қар шығарылды. Аралықтар мен станцияларды қардан тазарту жұмыстары жалғасуда.