Биыл ҚТЖ желісінде 930 км жол жөнделмек

Инфрақұрылым
03.03.2023, 10:41
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген автор
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Көктемнің алғашқы күнімен «ҚТЖ» ҰК» АҚ-да теміржол желілеріне жөндеу жұмыстары жүргізіле бастады. 1 наурызда алғашқы «толаскез» жарияланды.

Биылғы алғашқы «толаскез» Жамбыл магистральдық желі бөлімшесінің Қаратау-Жаңатас теліміндегі жолға орташа күшейтілген жол жөндеу үшін 12 сағатқа ұйымдастырылды.  

– Жамбыл жол дистанциясының 5-теліміндегі 20 км жолға орташа күшейтілген жөндеу жұмыстары бүгін басталды. 1 наурызда 1 км жол жөнделеді. Соған «толаскез» алдық. Мердігер мекеме – «Ағадыр ПЧМ» кәсіпорны. Жоспардағы жөндеу жұмыстарын сәуірде аяқтау көзделіп отыр. Бұл аралықтағы темір жолдар өте ескі. Сондықтан жөндеу барысында ескі ағаш шпалдар темірбетон түріне ауыстырылады және рельстері мен жер төсемдері де жаңартылады, – дейді аталған дистанцияның 5-телім бастығы Мейірбек Егембердиев.  

Соған қоса бұған дейін Шымкент магистральдық желі бөлімшесіне қарасты жолдың ластанған төсемін терең тазалау бойынша жұмыстар басталған еді. Бұл жұмыстар австриялық машиналар кешенін қолдану арқылы жүргізілуде. Өткен жылы аталған техника толықтай жаңғыртудан өткізілді.  

Биыл «ҚТЖ» ҰК» АҚ желісінде 930 км жол жөнделмек, соның 56,7 км күрделі жөндеуден өткізіледі. Сонымен қатар 90,5 км жолға күшейтілген орташа жөндеу жүргізіліп, 109,95 км жолдың рельс тірегі тұтастай ауыстырылады. Бұған қоса 634 жиынтық бағыттама бұрмасы жаңа темірбетон бунақты түріне жаңартылады. Осылайша еліміздің теміржолындағы инфрақұрылымды жоспарға сай жаңарту арқылы теміржол тасымалының қауіпсіздігі нығайтыла береді.  

 

Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды