Елімізде теміржол айрықтары мен өтпелердің электрондық базасы құрылады

Инфрақұрылым
06.04.2023, 13:53
Суретті түсірген Александр Жабчук

Жол ғылыми-зерттеу институты еуропалық тәжірибе негізінде көпірлерді пайдалануды басқару жүйесін әзірлеуге кірісті, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Қазақстандағы автомобиль және теміржол жолдары арқылы өтетін көпірлер, жол айрықтары мен өткелдер туралы деректер әлі күнге дейін мұрағаттарда қағаз құжаттарда сақталатынын айта кеткен жөн.

Ақпаратқа жылдам қол жеткізе алмаудың салдарынан стратегиялық жол объектілерін зерттеу, жөндеу, жаңғырту, реконструкциялау және құрылысын жоспарлау және жүргізу жөніндегі жұмысты қиындатады әрі тиісінше көлік қозғалысының қауіпсіздігіне, адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіреді.

Мәселенің оң шешімін табу мәселесімен «ҚазжолҒЗИ» АҚ сарапшылары айналысты. Мамандар Дания, Финляндия, Германия, Норвегия, Оңтүстік Африка, Швеция, Швейцария және Ұлыбританияның тәжірибесін талдады. Зерттеу жұмыстарын жүргізе отырып, институт көпірлерді пайдалануды басқарудың қазақстандық жүйесін (СУЭМ) әзірлеуге кірісті.

«Бұл құрылыстар туралы өзекті мәліметтерді, оның ішінде әрбір объектінің паспорттық деректерін және олардың ағымдағы жай-күйін тексеру нәтижелерін жинайтын заманауи ақпараттық жүйе болады. Жоба шеңберінде дрондардың көмегімен республикалық маңызы бар автожолдардағы барлық көпір құрылысы мен жол өтпелері цифрландырылатын болады. Деректер мемлекеттік, жобалау және құрылыс ұйымдарының қызметкерлеріне жасанды құрылыстардың бірыңғай базасының сайтында қолжетімді болады», - деді «ҚазжолҒЗИ» АҚ автомобиль жолдары және көпір құрылыстары департаментінің бас маманы Қайсар Шалқар.

Оның айтуынша, көпірлерді пайдалануды басқару жүйесін құру пайдаланушыларға белгілі бір объект туралы қажетті деректерді тез табуға, сондай-ақ көпірлер, өткелдер мен жол айрықтарын күтіп ұстау бойынша есептер мен бюджетті жоспарлауды автоматтандыруға мүмкіндік береді.

«Мұндай деректер көбінесе көлік және жол құрылысы саласында жұмыс істейтін мамандар мен мемлекеттік органдарға қажет. Жоба бойынша салынған пайдалану мерзіміне және құрылыстарды зерттеу деректеріне сәйкес жүйенің өзі регламенттік және жедел жұмыстарды қашан жүргізу керектігін, нақты көпірді қанша уақыт пайдалануға болатынын және оны қайта құру немесе бұзу қанша уақыттан кейін қажет болатыны жөнінде ақпарат береді», деп толықтырды Қ.Шалқар.

Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, уақытылы және тұрақты диагностика, бақылау және талдау ерте ме, кеш пе тозуға немесе апатқа әкелетін ақауларды анықтауға және жоюға мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде көпірлер мен басқа да объектілерді күтіп ұстау шығындарының айтарлықтай төмендеуіне ықпал етеді.

 

Әлемде
24.09.2026
Вьетнам Siemens Mobility компаниясынан жүрдек пойыздар сатып алады
Жүк тасымалы
23.09.2026
KTZ Express Үндістанға жасымық жөнелтті
Әлемде
23.09.2026
Қырғызстан Wabtec компаниясынан 10 жаңа локомотив сатып алмақ
Жаңалықтар
23.09.2026
Ақмола облысында Атбасар вокзалын жөндеу аяқталды
Жаңалықтар
23.09.2026
ҚТЖ локомотив паркін қысқы тасымалдауға дайындауда
Әлемде
23.09.2026
CRRC энергия үнемдейтін SmartMetro пойызын таныстырды
Жаңалықтар
23.09.2026
Қазақстан вокзалдары жаңғырудың жаңа кезеңіне қадам басты
Инфрақұрылым
22.09.2026
ҚТЖ Бейнеу бағытында автоматика жүйесін жаңғыртуда
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ 150 мың тонна болат құбырды мультимодальды бағытпен тасымалдайды
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ локомотив бригадаларының біліктілігін арттыруда
Трансформация
22.09.2026
SAP жүйесі: ҚТЖ үшін озық цифрлық шешім
Аймақтар
22.09.2026
Семейде тәулігіне кемі 350 вагон көмір тиелуде
Станция тынысы
22.09.2026
Шиелі станциясы өндірістік жоспарды межеден асыра орындады
Аймақтар
22.09.2026
Шу локомотив пайдалану депосында студенттерге «Ашық есік күні» өтті
Қауіпсіздік
22.09.2026
Астана жол дистанциясы оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Спорт
22.09.2026
«Теміржол қалқаны» – жеңімпаз
Спорт
22.09.2026
Жігіттердің осалы жоқ
Жаңалықтар / Мұрағат
22.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №75 22 қыркүйек 2026 жыл
Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды