Аптап ыстыққа қарамастан жол жөндеу жұмыстары жалғасуда

Инфрақұрылым
13.06.2023, 10:40
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген автор
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Қызылорда магистральдық желі бөлімшесі бойынша жазғы жол жөндеу жұмыстары қызған шақ. Бесарық – Сауран, Шорнақ – Түркістан және Жалағаш – Тереңөзек станциялары аралығында басталған жолды сауықтыру жұмыстары технологиялық талаптарға сай жүріп жатыр.

Қызылорда магистральдық желі бөлімшесі жол бөлімінің жетекші инженері Мейіржан Жүнісов жолдың бабын жасауға ауыр жол машиналары жегіліп жатқанын білдірді. Ербол Рүстемов басқаратын Қырқыншы машиналандырылған жол дистанциясының РМ-80, РМ-2002, ДУОМАТ, ПБР және ДГС типті жол машиналары жол төсемдеріндегі ластанған балласты тазалап қайта салу, қажет учаскелерде жолды көтеріп ұру жұмыстарын жүргізуде.  

Дәл қазіргі уақытта ауа температурасы +40 градустан жоғары болып тұр. Аптап ыстыққа қарамастан жол жөндеу жұмыстары таңалакеуімнен басталып, аса ыстықта тоқтатып, бесін ауа кешкі уақыттағы салқынды пайдаланып қайта жалғастырып жүріп жатыр. Қауіпсіздік мәселесіне басты назар аударылып, жолшылардың қорғаныш заттарын пайдалануы қадағалануда екен.  

Бөлімше бойынша күрделі жөндеуден өткен учаскелердің талапқа сай бабына келтірілу сапасын бөлімшенің жол бөлімінің мамандары мен Қызылорда жол дистанциясының күрделі жол жөндеу жұмыстарын қабылдаушы Қайыржан Төлегенов бақылап, сараптамадан өткізуде.  

Жолдардың технологиялық талапқа сәйкес бабын жасау арқылы қауіпсіздік қамтамасыз етілмек. Сондықтан жол техникаларының жұмысынан кейін телім бойын қызылордалық жолшылар қайта тексеріп, сенімділігін нығайта түсуде. Магистральдық желі бөлімшесі жол бөлімінің жетекші инженері Мейіржан Жүнісовтің айтуынша, бір айға созылған Бесарық – Сауран, Шорнақ – Түркістан және Жалағаш – Тереңөзек станциялары аралықтарындағы жұмыс бүгінде аяқталуға жақын. Алдағы уақытта ауыр машиналар жұмысын Сексеуіл-Шалқар аралығында жалғастырады.  

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды