Жол жөндеу жұмыстары жаз бойы жалғасады

Инфрақұрылым
22.06.2023, 11:24
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген автор
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Қызылорда магистральдық желі бөлімшесіне қарасты мекемелерде пойыздардың қозғалыс қаупсіздігін арттыру мақсатында жазғы жол күтімі жұмыстары қарқынды жүріп жатыр.  

Дистанцияның техникалық бөлімінің жетекші инженері Ахметқали Елеусіновтің мәлімдеуінше, жыл басынан бері олар Қызылорда – Белкөл, 20-бекет – Шиелі және Қызылорда – Қараөзек станциялары аралығында 12,3 шақырымның  рельс тіреулерін ауыстырған. Үш шақырымда түйіспесіз рельстер алмастырылған.

– Жол табанын сауықтыру жұмыстары – пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігін арттырудың бірден бір кепілі. Қызылорда магистральдық желі бөлімшесі мен дистанция басшылығының кешенді шаралары жаз бойы жалғасады. Мамыр айында Бәйгеқұм – 20-бекет, Шиелі – Ақмая станциялары арасындағы 0,4 шақырымның ескі рельстері жаңаланған. Талап, Тереңөзек, Шорнақ, Жаңақорған станцияларындағы 7 жиынтық бағыттамалық бұрма темірбетон белдеулерімен бірге ауыстырылды. Және де осындай жұмыстар алдағы айларда Тереңөзек – Қараөзек, Белкөл – Бірқазан, Шиелі, Қаракеткен – Қараиірім станциялары аралығында қарқынды жүргізу жоспарлануда, – деді техникалық бөлімнің жетекші инженері Ахметқали Елеусінов.

Жолшылар күнделікті жолдың бабын жасауға қолда бар құрал-саймандарды қолданады. Дегенмен жол күтімін жасауға қажетті көтергіш домкрат, бұранда бұрайтын құрылғылар секілді шағын механизация тапшылығы байқалады, олар әр жол жөндеушінің қолында жеткілікті болса, жұмыс та өнімді бола түсер еді дейді дистанция өкілі.  

  

Жаз маусымы басталғалы теміржол өткелдерінде автокөлік, жаяу жүргіншілер қозғалысы көбейіп, пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігіне төнген қауіп те арта түскен. Жалпы дистанцияның балансындағы 15 теміржол өткелінің 8-і күзетіледі. Жыл басынан бері өткелдерде апатты оқиға тіркелмеген. Оған дистанция басшылығы тарапынан ұйымдастырылып отырған кешенді шараларда сеп болса керек. Мәселен, әр айдың 10-ы мен 25-і күні жергілікті атқарушы орган, МАИ қызметкерлерімен бірігіп автокөлік жүргізушілеріне түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, жергілікті ақпарат құралдарында, әлеуметтік желіде темір жолдың қауіп-қатерін түсіндіретін роликтер таратылады. Нәтижесінде бес айдың ішінде желілерге 7 бейнекөрініс таратылып, 128 рет рейд ұйымдастырылған. 3865 автокөлік жүргізушісі өткелден өту ережесімен таныстырылған. Тұрғындармен 130 мәрте жиналыс өткізіліп, 4991 адамға ережелер қайталап таныстырылған.

Дегенмен, қауіп азаяр емес. Мысалы, бес ай ішінде тепловоз машинистері 40 рет жедел тежегіш басуға мәжбүр болса, тек мамыр айында осындай жағдай 10 мәрте қайталаныпты, 5 рет малдың, 5 мәрте адамның жолға шығуы орын алып, мал басылған бір оқиға тіркелген.  

Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан мен Бельгия порттар арасындағы серіктестікті дамытуды көздейді
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан арқылы транзиттік тасымал көлемі 13,1%-ға өсті
Жаңалықтар
13.10.2026
Теміржолшылар «Семей орманы» резерватында 3500 қарағай көшетін отырғызды
Әлемде
13.10.2026
Stadler АҚШ нарығына арналған алғашқы аккумулятордан қуат алатын пойызды таныстырды
Жаңалықтар
13.10.2026
ҚТЖ өндірістік оқыту жүйесін жетілдіруде
Сұхбат
13.10.2026
Шығыннан – тиімділікке дейін
Жаңалықтар
13.10.2026
«Жас үздік маман» байқауы мәреге жетті
Аймақтар
13.10.2026
417 теміржолшы білімін арттырды
Қауіпсіздік
13.10.2026
Теміржолда балаларды тасымалдау кезінде санитарлық талаптарды сақтау ескертілді
Жаңалықтар / Мұрағат
13.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №81 13 қазан 2026 жыл
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты