Алматы айналма жолы жүктемені 40%-ға азайтып, жүк жеткізу уақытын қысқартады

Инфрақұрылым
17.11.2023, 10:02
Оқуға 3 мин
Суреттерді түсірген Сара САХЫНБЕК
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Елімізде Мемлекет басшысының тапсырмасымен Қазақстанның көліктік-транзиттік әлеуетін дамытуда маңызы зор инфрақұрылымдық жобаны іске асыру қолға алынды. Алматы станциясын айналып өтетін Жетіген – Қазыбек бек теміржолының құрылысы басталды. Жаңа теміржолдың алғашқы рельс буынын төсеу рәсіміне ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов пен «ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Нұрлан Сауранбаев бастаған теміржолшылар мен сала ардагерлері және Алматы облысы әкімдігінің өкілдері қатысты.

Былтыр Қазақстан мен Қытай арасындағы теміржолмен жүк тасымалы 23 млн тоннадан артып, тарихи ең жоғары көрсеткіштен асты. Осы жылдың басынан бері аталған көрсеткіш тағы 22%-ға өсті. Мұндай жағдайда негізгі халықаралық бағыттардың қиылысында орналасқан Алматы теміржол торабына жүктеме артып отыр. Айналма жол Алматы торабындағы жүктемені 40%-ға азайтып, жүк жеткізу уақытын едәуір қысқартады. Сонымен қатар Алматы агломерациясындағы қала маңы жолаушылар тасымалының дамуына ықпал етеді. Әлихан Смайылов «Алтынкөл-Қорғас» шекаралық өткелі арқылы өтетін теміржол бағыты соңғы жылдары қарқынды өсім көрсеткенін атап өтті. 

– Аталған транзиттік дәліз Алматы теміржол торабы Шу, Ақтоғай, Алтынкөл және Алматы-2 бағыттары бойынша пойыздардың қозғалысын қамтамасыз етеді. Жобаны іске асыру жүктерді жеткізу мерзімін 2 есеге қысқартады. Бұл ретте жобаның жергілікті қамту үлесі кемінде 85% болады, құрылыс кезінде 1400 адам жұмыспен қамтылып, желі іске қосылғанда шамамен 500 адамға тұрақты жұмыс орны ашылады. Қазақстандық зауыттардан шамамен 228 мың шпал, 16 мың тонна рельс сатып алынады. Сонымен бірге трансформаторлар шығаруды, инертті материалдар, құм және қиыршық тастарды жеткізуді жергілікті компаниялар жүзеге асырады, – деді Әлихан Смайылов. 

Жалпы құрылыс барысында 130 км теміржол төселеді, оның ішінде 77 км басты жол, Сорбұлақ, Мойынқұм, Жаңаарна аталатын 3 станция, 13 көпір, 5 теміржол және 1 автокөлік өткелі салынады. Сала ардагері Қалтай Сәмбетов бұл теміржолшылар көптен күткен құрылыс екенін жеткізді.

– Жаңа жол ел экономикасының дамуы мен өсіп-өркендеуіне зор ықпал ететін болады. Қазақстан мен Қытай, Орталық Азия мен Ресей арасындағы транзиттік мүмкіндікті де едәуір арттырады, – деді ол. 

Отандық өнімнің үздіксіз экспортын қамтамасыз ету және жүк транзитін кеңейту мақсатында Қазақстанда теміржол инфрақұрылымын дамыту бойынша белсенді жұмыс жалғасуда. Өткізу қабілетін арттыру үшін Достық – Мойынты учаскесінде екінші жолдар салынуда. Жақын арада Қытаймен үшінші халықаралық түйісу нүктесіне шығатын Дарбаза – Мақтаарал және Бақты – Аягөз теміржол желілерінің құрылысын бастау жоспарланып отыр. Үш жыл ішінде барлығы 1300 шақырымнан астам теміржол салынады. 

– Бүгін біз Алматы торабын айналып өтетін теміржол желісінің құрылысын бастадық. Ол Орталық Азияға, Еуропаға және Каспий теңізі порттарына бағытталған транзиттік жүктердің өтуін жылдамдатады. Бұл желі соңғы уақытта қарқынды дамып келе жатқан Алматы торабын жеңілдету үшін өте қажет. Әсіресе, Алматының маңы үшін маңызды. Өнеркәсіп дамып келеді. Өткізу қабілетін қажет ететін көлік-логистикалық орталықтар салынуда, – деді «ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Қанат Әлмағамбетов. 

Оның айтуынша, Алматы торабына келетін жүк 1,5–2 тәулікке кешігіп жүр. Енді жаңа теміржол желісінің арқасында тораптың жұмысы айтарлықтай жақсарады. Мұнда қызмет көрсетілетін барлық жүк жөнелтушілер мен жүк алушылар мұны бірден сезінеді. Жоба еліміздің көлік-логистикалық мүмкіндіктерін дамытуға қатысты Президент Жолдауын іске асыру шеңберінде жүргізіліп отыр. Жоспар бойынша Жетіген-Қазыбек бек теміржолы 2025 жылы салынып бітіп, пайдалануға беріледі. 

Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды
Жаңалықтар / Мұрағат
06.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №79 06 қазан 2026 жыл
Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті