Жаңғызтөбе станциясында жаяу жүргіншілер көпірі салынады

Инфрақұрылым
18.01.2024, 11:40
Суретті түсірген автор
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Осы жыл Жаңғызтөбе станциясының тұрғындары үшін жағымды жаңалықпен басталды. Алдағы уақыттарда кентті екіге бөліп жатқан теміржол желісінің үстінен жаяу жүргіншілерге арналған көпір салынатын болды.  

Бес мыңға тарта халқы бар Жаңғызтөбе кентін байырғы Түрксіб магистралі қақ бөліп жатыр. Аурухана, әкімдік, мектеп, балабақша, дәріхана, ірілі-ұсақты  дүкендер кенттің шығысында қалғандықтан батыс бөліктегі тұрғындар желіні жаяулап кесіп өтуге мәжбүр. Бұл әсіресе қарт адамдар мен аяғы ауыр әйелдерге, балалар мен жасөспірімдер үшін қауіпті. Жел өтінде орын тепкен елді мекенде жай күннің өзінде қарлы бұрқасын борап тұрады. Таяқ тастам жер көрінбейтін ақ түтекте адамдардың пойыз астына түскен жағдайлары да орын алған. Жаяу жүргіншілерді орнынан енді қозғалған жылжымалы құрамдар басып кеткен қайғылы жайттар да талай болды.  

Тұрғындардың ұзақ жылдардан бері айтып келе жатқан мәселесі осы, яғни теміржолдан өтетін көпір салу еді. Жуырда Семей магистральдық желі бөлімшесінің басшысы Айдын Шәукежанов бастаған арнайы комиссия құрылып, Жаңғызтөбеден жаңа көпір салу мақсатында бірқатар жұмыс жүргізді. Бұл оңайға түспейтін мәселе екен. Мысалы, теміржол көпірі салынатын тұс, яғни желі бойындағы инженерлік коммуникацияларды қайта қарастырып, кейбірін ауыстыру қажеттілігі туындайды. СЦБ және байланыс құрылғылары мен электр кабельдері, әуедегі желілер түгел есепке алынады. Сол тәрізді кірме жолдар түйіспесі мен жолшылар жұмысына кедергі келмеуі тиіс. Қазіргі таңда жобаның техникалық негіздемесі әзірленуде. Ол құжатта зерттелінген барлық мәселелер тыңғылықты қамтылатын болады. Бұл орайда комиссия жұмысының алғашқы қорытындысы дайын. Онда көпір салу барысында ескерілуі тиіс көптеген мәселелер зерделенген. Оның барлығы сызбанұсқада қарастырылатын болады. Комиссия жұмысы бойынша әзірленген хаттамада айтылғандай, станция басында ғимараттардың тығыздығы себепті жер үстінен салынатын жаңа көпірдің ұзындығы 91 метрден кем болмауы тиіс. Сондай-ақ көпірдің үш нұсқасы әзірленіп, ЦЖСТех қарауына ұсынылатын болады. Ал дирекция келісімін алған соң, жоба өндіріске жіберіліп, құрылыс жұмыстары басталады. Көпір салынатын жер вокзал ғиамаратынан аса қашық емес. Тұрғындар үшін барлық қолайлылық, қозғалыс қауіпсіздігі толықтай ескерілген.

Кент тұрғындары тілегін орындауда 8-ші шақырым депутаты, Жарма өңіріне белгілі династия өкілі Жаңғызтөбе станциясының бастығы Азамат Нұрғалиевтің де күш салғанын айта кеткен орынды.  

– Ұзақ жылдардан бергі айтылып келе жатқан мәселе шешімін табатын болды. Қазіргі таңда көпір салынатын жер нақтыланды. Желі бойындағы барлық теміржол мекемелері бірлесіп жұмыс атқаруда. Құжаттамалық жұмыстар аяқталған соң, сәтін салса, көпір құрылысы басталмақ, – дейді Азамат Нұрғалиев.

Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті