Қызылордада теміржол сапасы артып келеді

Инфрақұрылым
25.01.2024, 13:24
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген автор
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Қызылорда жол дистанциясына қарасты жол телімінің сапасы қанағаттанарлық. Оған өткен жылы атқарылған бірқатар жаңғырту жұмыстарының да септігі тигені сөзсіз.    

Мәселен, Белкөл және Шиелі станцияларында 4 қосалқы жолға күшейтілген жөндеу жұмыстары ПЧМ-Ағадыр мекемесі техникаларының күшімен жасалып, ескі Р50 типті рельстер Р65 типті рельстермен ауыстырылды. 18 жаңа бағыттамалық бұрма темірбетон сырғауылдарымен, ескі болса да жарамды 11 бағыттамалық бұрманың темір бөлшектері ауыстырылған, оның ішінде 5 бұрма Р50 типті рельс Р65 типті рельске жаңартылған. 37 шақырым жол бойы малға қарсы қоршаулар тікенек сыммен қосымша қоршалып, 13,8 шақырым қоршауға жөндеу жұмыстары жүргізілген.  

– Биылғы жылы дистанция бойынша 23 шақырымға: Қараөзек-Қызылорда-Белкөл, Шиелі-20-бекет, Аққұм-Екпінді-Талап станциялары аралықтарында күрделі жөндеу жұмыстары жасалады деп жоспарланып отыр. Және де телімдерде 16 жинақ бағыттағыш бұрма темірбетон сырғауылдарымен ауыстырылады. 6 жинақ бағыттағыш бұрманың металл бөліктері Р50 типтен Р65 типті рельстерге ауыстырылады, станциялардың 10 шақырымдық жолдарында күшейтілген жөндеу жұмыстары жүргізіліп, ол жерлердегі Р50 типті рельстер Р65 типті ескі жарамды рельстермен ауыстырылады. Осының бәрі биылғы жұмыс жоспарына ұсыныс ретінде енгізіліп, бекітілді, – дейді дистанцияның техникалық бөлімінің жол инженері Ахметқали Елеусінов.

Жолшылар ұжымы жолды күнделікті, ағымдық, жоспарлы күтіп-баптауда технологиялық талаптарды толық сақтай отырып жұмыстарын кәсібилікпен  жүргізуде. Күрделі жөндеу көлемі де артуда. Нәтижесінде жол сапасы жылдан жылға артып келеді.

 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды