Сарыөзек станциясында локомотив бригадаларының демалыс үйі ашылды

Инфрақұрылым
14.02.2024, 16:53
Оқуға 1 мин

Сарыөзек станциясындағы Локомотив бригадаларының демалыс үйіне жөндеу жұмыстары аяқталды. 

Мұнда сапарлары арасында Алматы, Матай және Үштөбе деполарының локомотив бригадалары демалады. Күніне орта есеппен 10-15 бригада, яғни 30 адамға дейін тоқтайды. Демалыс үйінің жалпы ауданы 600 шаршы метрден асады.

Бұрын қанағаттанарлықсыз жағдайына байланысты Демалыс үйінің ғимараты консервацияланған болатын. Локомотив бригадалары бұған дейін жалға берілетін жайларға тоқтап жүрді.

Өткен жылы ғимаратты қалпына келтіру туралы шешім қабылданды. Ауданы 552 шаршы метрден асатын ғимараттың бірінші блогы бөлшектеліп, екінші және үшінші блоктар жөнделді. Іргетасының құрылымы нығайтылып, шатыры, терезелері мен есіктері, еденнің ағаш негізі алынып тасталды. Дәліздер мен сантехникалық бөлмелерде керамикалық плиткалар, ал демалыс бөлмелерінде ламинат төселді.

Инженерлік желілер (жылыту, сумен жабдықтау, кәріз, электр қуаты) ретке келтіріліп,қасбеттің қабырғаларына сәндік сылау жүргізілді. Жылу шығынын болдырмау үшін Демалыс үйі ғимаратына қатты және сұйық отынмен жұмыс істейтін екі қазан орнатылған жаңа қазандық салынды. Аумақты абаттандыру және қоршау аяқталды.

Жақын жерде ауданы 430 ш.м. асатын әкімшілік-тұрмыстық корпус орналасқан, онда Сарыөзек депосының инженерлік-техникалық және әкімшілік-басқару қызметкерлеріне арналған жеті кабинет, техникалық класс және депо бойынша кезекшіге арналған кабинет ашылған.

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды