Аққайтым станциясына көшпелі модульді үй-жай берілді

Инфрақұрылым
14.03.2024, 11:04
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Аққайтым станциясына көшпелі модульді үй-жай салтанатты түрде табысталды. Шалқар жол дистанциясы осылайша қашықтағы разъездерде теміржолшылардың жағдайын жақсарту жұмыстарын күшейте түсті.  

Шалқар жол дистанциясы қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету үшін тағы бір жылжымалы ғимаратты пайдалануға берді. Теміржолшыларының тұруы мен демалуына арналған жылжымалы ғимаратта барлық жағдай жасалған. Шалқар жол дистанциясының басшысы Серік Минайдаровтың айтуынша, онда 10 адамның өмір сүру мүмкіндігі бар. Іші жиһаз, тұрмыстық техника, душ кабиналарымен және қажетті заттармен жабдықталған. Ғимарат инженерлік коммуникацияларға қосылған. Кез келген климаттық жағдайда тұру мүмкіндігі қарастырылған.  

«Тұрмыстық жылжымалы ғимарат негізі үнемі жол бойында жүретін жолшыларға арналған. Сонымен қатар жолдағы түрлі ақауларды жөндеу, тексеру жұмыстарын өткізетін желілік кәсіпорын теміржолшылары да пайдаланады. Іші толықтай заманауи үлгіде. Барлық заманауи техникаларымен қамтамасыз етілген», – дейді дистанция басшысы.  

Аққайтым станциясының теміржолшылары бұл жаңалықты қуана қабылдады.  Қазіргі таңда Ақтөбе магистральдық желі бөлімшесі бойынша жұмысшыларға қолайлы еңбек жағдайын ұйымдастыру мақсатында 23 тұрмыстық жылжымалы ғимараттар орнатылған.  

 

Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті
Жүк тасымалы
05.10.2026
Дүниежүзілік банк: Транскаспий дәлізі елдерінің экономикасы 3,3 пайызға өсуі мүмкін
Әлемде
05.10.2026
Ауғанстанда «Хаф – Герат» теміржолының 43 шақырымдық учаскесі пайдалануға берілді
Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады