Биыл вокзалдарға жөндеу жұмыстары жүргізіледі

Инфрақұрылым
15.03.2024, 09:46
Оқуға 2 мин
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ биыл ел өңірлеріндегі 28 вокзалға ағымдық жөндеу жұмыстарын жүргізбек. Ал Астана вокзалы күрделі жөндеу түрінен өтеді.

Компания бас инженерінің және Магистральдық желі дирекциясының күрделі салымдарға қатысты жоспарларын орындау бағытында Мойынты станциясының платформасын, Мырза, Аршалы, Доссор, Мақат, Шу вокзалдарын күрделі жөндеуден өткізу үшін, ал Алға станциясында вокзал салу үшін биыл жобалық-сметалық құжаттарды дайындау жоспарлануда екен. Бұл 7 нысанға 60 млн теңгенің үстінде қаржы қарастырылған. Сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі жандардың вокзалдарда кедергісіз жүріп тұруына жағдай жасау іс-шаралары, яғни мүгедектік арбаларды, тактильді-дыбыстық мнемоникалық диаграммаларды, есту қабілеті нашар адамдар үшін индукциялық панельдерді сатып алу, шақыру түймелерін, пиктограммаларды, тұтқаларды ауыстыру жалғасатын болады. Ғимараттар мен инженерлік жүйелерге жөндеу жұмыстарын жүргізе отырып қызмет көрсететін құрылымдық бөлімше құру және де Орынбор-Ташкент теміржол учаскесінің 120 жылдығына орай Илецк-Сарыағаш магистральдық желілік объектілерді дайындау бойынша жұмыстар жүргізілетін болады. Ал Қарағанды, Тараз және Қызылорда станцияларында коммерциялық алаңдарды беру үшін бірыңғай операторды тарту бойынша жұмыстар жалғаспақ екен.  

Магистральдық желі дирекциясы директорының вокзал шаруашылығы жөніндегі директоры Абай Досановтың айтуынша, өткен жылы вокзал шаруашылығына қатысты ауқымды жұмыстар атқарылған. Соның бірі, Қызылорда вокзалының 1905 және 1969 жылдары салынған екі ғимаратының жөндеу жұмыстары аяқталған екен. Мәселен, төбесі жөнделіп, 1905 жылғы бір қабатты ғимараттың қасбеті травертинмен қапталған. Су құбыры, жылу, электр жүйесі, өрт дабылы жүйелері жөнделіп, ішкі әрлеу жұмыстары аяқталған, есік-терезелер қалпына келтіріліп, кафель төселіпті. Еденге және қабырғаға кондиционерлер орнатылған. Перронға және жолаушылар платформасына брусчатка мен асфальт төселіп, баспалдақтар мен пандустардың марштарын орнату жұмыстары жүргізілген. Жарықтандыру құрылғылары станция алаңына және ғимарат ішіне орнатылған. Екінші вокзал ғимараты да жаңарып, жаңа келбетке ие болыпты. Ағымдағы жөндеу жұмыстары аясында қасбеті жаңартылып, кіреберіс аумағы ауыстырылған және шатыры жөнделіпті. Қызылорда станциясы арқылы 28 пойыз өтеді. Жолаушылар ағынына келсек, ол тәулігіне шамамен 3900 адамды құрайды екен. «ҚТЖ» ҰК» АҚ Қарағанды, Семей, Ақтөбе магистральдық желі филиалдарының 19 вокзалында 20 жылыту қазандығы, яғни 16 электр, 4 газ қазандығы ауыстырылыпты. Сонымен қатар еліміздің курорттық аймақтарын дамыту шеңберінде Ақтоғай, Бескөл, Достық станцияларында, Көктұма, Жалаңашкөл, Бескөл станцияларында ағымдық жөндеу жұмыстары жүргізіліп, дауысзорайтқыш құрылғылары мен отырғыштардың (орындықтардың) саны ұлғайтылып, жарықтандыру құрылғылары орнатылған. Сондай-ақ былтыр барлығы 59 вокзал ағымдық жөндеу түрлерінен өткен.

 

Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды