Түркістанда өткен келелі кеңестер

Инфрақұрылым
29.03.2024, 08:33
Оқуға 3 мин
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Биыл «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ мен оның еншілес ұйымдары Наурыз мейрамын көне шаһар Түркістанда атап өтті. Басқарма төрағасы жетекшілік еткен ҚТЖ басшылығы оңтүстікте бірнеше кездесу өткізді. Түркістан облысы әкімдігімен Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысына қатысты мәселелерді талқылап, Өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.  

Еліміз үшін аса маңызды бұл инфрақұрылымдық жоба Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жүзеге асырылуда және ол Қазақстанның көлік әлеуетін дамытуға бағытталып отыр. Басқосуға Түркістан облысының Келес, Шардара, Жетісай, Арыс, Сарыағаш, Мақтаарал аудандарының әкімдері қатысты.  Жобаны іске асыру іс-шаралары жоспар бойынша өтіп жатқаны, қазіргі кезде жобалаушымен топогеодезиялық, гидрологиялық және археологиялық жұмыстардың аяқталғаны белгілі болды. Құрылысқа жер телімдерін резервке алу және жер төсемін толтыру үшін карьерлерді әзірлеу бойынша жұмыстар жүргізілуде екен. Теміржол құрылысына отандық өндірушілердің материалдары пайдаланылмақ. Құрылыс кезінде 3400 жұмыс орны құрылып, ал пайдалануға берілген соң 500 астам тұрақты адам жұмыспен қамтылмақ.  

Тараптар жобаның іске асырылуы үшін барлық қажетті шараларды уақытылы орындаудың маңыздылығын атап өтті. Өз кезегінде, облыс әкімі Дархан Сатыбалды Түркістан өңіріндегі ҚТЖ-ның инфрақұрылымдық жобасын жүзеге асыруға толық қолдау-көмек көрсететінін жеткізді.    

Келесі басқосу оңтүстік аймақтың жол және магистральдық желі бөлімшелерінің, қозғалыс қауіпсіздігі ревизорларымен болды. Онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Қанат Әлмағамбетов Компанияның биылғы жылдың екі айындағы жұмыс қорытындысымен таныстырды. Биылғы екі айда тарифтік жүк айналымы 39284 млн тн-км құрап, өткен жылдың есепті мерзімінен 6% шамасында кем шыққан. Бұл жерде республикаішілік, экспорттық өндірістік көрсеткіштер төмендеп, тек импортта ғана өсімнің болғаны байқалып отыр. Жолаушылар айналымы да былтырғыға қарағанда 2,2% кеміген. Былтыр теміржол еңбеккерлерінің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жақсартуға 20 млрд теңге көлемінде қаржы бөлінсе, биыл да бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын таппақ. Қауіпсіздік мәселесіне байланысты, тасымалдау үдерісіне барлық қатысушылармен, яғни ҚТЖ-дан басқа жекеменшік компаниялар мен кәсіпорындардың қатысуымен өткен екі айда 155 бұзушылық оқиғасы тіркелген. Бұл көрсеткіш былтырғы жыл деңгейінен 50% жоғары болып отыр. Осы арада Қанат Әлмағамбетов вагондар мен локомотивтерге жөндеу жүргізетін және сервистік қызмет көрсететін компаниялардың жұмыс сапасы сын көтермейтінін, яғни жылжымалы құрамдар жөндеу аралық кепілдеме мерзіміне жетпей бұзылып, қозғалыс қауіпсіздігін сақтауға нұқсан келтіріп жататынын атап өтті. Осыған орай ол «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС мен «Қазтеміртранс» АҚ басшыларына жылжымалы құрамдарға қызмет көрсететін мердігер компанияларға жөндеу және қызмет көрсету сапасын жақсартуға қатысты талапты күшейтуді тапсырды.  

Жиында 2024 жылға бағытталған жұмыстар легі де айтылды. Олардың қатарында еңбек қорғау, қозғалыс қауіпсіздігі жағдайын жақсарту, бекітілген бағдарламалар мен мақсаттарды жүзеге асыру, жоспарланған қаржыны игеру, магистральдық теміржол желісін жөндеу, жаңа технологияларды қолдана отырып, жөндеу жұмыстарының тиімділігін арттыру, жаңа теміржол желілері, Достық – Мойынты телімінің бүкіл бойына рельс-шпал торкөздерін салып, жұмыс қозғалысын ашу міндеттері бар. Сонымен қатар Huaweі, Wabtec, PSA компанияларымен бірлесе отырып, «Ақылды темір жол» жобасын жүзеге асыру, деректерді беру желілерін жаңғырту, жылжымалы құрамдардың жағдайын бақылайтын датчиктер мен стационарлық кешендерді енгізу, бұдан бөлек 125 локомотив, 1500 ашық вагон, 193 фитингілік платформа, 219 жолаушылар вагонын сатып алу және де жолаушыларға көрсетілетін қызмет сапасын арттыру, хабтік жүйені енгізу осы жылдың еншісіндегі шаруалар екен. Компанияның екі айлық жұмысы қорытындыланып, алдағы міндеттері айқындалғаннан кейін сөз кезегі оңтүстік өңірдің жүк тасымалы және магистральдық желі бөлімшелеріне, қауіпсіздік ревизорына берілді. Олар өңірдегі күрделі мәселелерді ортаға салып, Компания топ-менеджерлері деңгейінде қарап, шешім шығаруды ұсынды.  

Компания басшылығының келесі кездесуі «ҚТЖ» ҰК» АҚ Консультативтік кеңесі мүшелерімен өтті. Онда өндірістік мәселелерге қатысты ардагерлердің ұсынымдары талқыланып, Компания қызметін жақсартуға бағытталған іс-шаралар тізбесі түзілді.  

 

Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды