Ақтөбеде 78 шақырым жол жаңарады

Инфрақұрылым
06.05.2024, 16:14
Оқуға 2 мин
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

«ҚТЖ» ҰК» АҚ – Ақтөбе магистральдық желі бөлімшесі сәуір айының ортасынан бастап аумақта жоспарлы күрделі жөндеу жұмыстарын бастады. Биыл төрт участок аралығында 77,862 шақырым темір жол күрделі жөндеу көреді.

Атап айтқанда, Қарауылкелді-Мақат учаскелері мен Жарлы 202-разъезі-Ноғайты аралығындағы 78 шақырымға жуық темір жол толықтай жаңарады.  

– Қазіргі уақытта 7,5 шақырымға жуық темір жолда күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды. Жұмыс арнайы кестеге сай жүреді. Күрделі жөндеу ағымдағы жылдың қараша айының соңына дейін жүреді деп жоспарлануда. Мердігер компания ретінде талай жылдан бері әріптес болып келе жатқан сенімді компания – «Теміржол жендеу» ЖШС танылған, – деді Ақтөбе магистральдық желі бөлімшесі жол бөлімінің бастығы Бауыржан Хамзин.  

Алдағы уақытта Никельтау станциясы, Әйтеке би-Хромтау және Қызылсай-Әйтеке би станциялары аралығындағы темір жолға күрделі жөндеу жүргізіледі.  

Құрылысқа пайдаланылатын материалдың барлығы отандық өнім. Теміржолшылардың айтуынша, темірбетонды шпалдар экологиялық таза өнім болып табылады. Күрделі жөндеуден кейін аймақта жолаушылар пойызының жылдамдығын 60 км/сағаттан 90 км/сағатқа дейін көтеру ұсынылып отыр. Яғни жылдамдық көтерілсе, қай жағынан да тиімді де үнемді болмақ.  

Күрделі жөндеуден бөлек Ақтөбе магистральдық желі бөлімшесі 16, 427 шақырым жолда орташа жөндеу жұмыстарын жүргізеді. 95 бағыттамалы бұрмаларды ауыстыру жоспарланса, бүгінгі күні 5 жиынтық ауыстырылды. Қазір Қандыағаш, Жұрын, Ақтөбе, Никельтау, Ізімбет, 312, 315, Тоқмансай, Қайдауыл, Бақай станцияларында бұрмалар жаңарту жұмыстары жүріп жатыр.  

Сондай-ақ 6,5 км жолда рельсті тіректер жаңарады. Жұрында, Ұлпанда рельсті-шпалды тор ауыстырылады, жол астындағы қиыршық тасы жаңарады. Күрделі жөндеу жүрген телімдерден шыққан жарамды материалдар арқылы басқа жолдардың пайдалану ұзақтығын арттырады. Орташа жөндеу, т.б. жұмыстарды магистральдық желі бөлімшесі өз күштерімен атқарады. Кестеге сай бекітілген жол жұмыстарының бәрі кезең-кезеңмен арнайы техниканы қолдана отырып жүргізіледі.  

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды