Қызылордада жол жөндеу жұмыстары қызу жүріп жатыр

Инфрақұрылым
24.05.2024, 11:24
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген автор
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігін сақтауды арттыру мақсатында жазғы жол жөндеу жұмыстары қарқын алған кез. Қызылорда жол дистанциясының жолшылары 20 мамыр күні 12 сағаттық толаскез алып, Қараөзек-Қызылорда-Белкөл учаскесінде межеленген 9,37 км күрделі жөндеудің 1,1 шақырымына жол төсеп шықты.

Таңғы сағат 06.30-дан кешкі 18.30 сағатқа дейін жалғасқан толаскез алдын ала барлық дайындығы мен сақтық шаралары жасалып жүргізілді. Ең алдымен сапа назарда ұсталатындығын білдірген Қызылорда жол дистанциясының бас инженері Ақыл Әбілдаев жұмыс жүретін аумақтың айналасына тұрғын үйлердің орналасуы және Қызылорда қаласы бойынша маңызды саналатын көпірдің үстінен өткізілетіндіктен сақтық шаралары да маңызды екенін білдірді.  

Биылғы жылға Қызылорда магистральдық желі бөлімшесі бойынша 43,16 шақырымда күрделі жөндеу жұмыстары белгіленсе, бүгінде ол қарқынды жүргізіліп жатыр. Күрделі жөндеуді аймаққа сапалы да сенімді жұмысымен танылған Дәурен Сұлтамұратов басқаратын «Интегра констракшн» серіктестігі «Батыс» дирекциясының құрылысшылары басқарған теміржолшылар жүргізуде.  

– Қараөзек-Қызылорда-Белкөл учаскесінде 9,37 шақырымдық аумаққа күрделі жөндеу жұмыстары дистанция басшысының орынбасары Батыр Мамедалиев, Аралбек Нұрмағанбетов, Бауыржан Жұманов секілді жасанды құрылыс шеберлерінің қатаң бақылауымен жүргізіліп жатыр. Жөндеу жұмыстарының бір парасы қос-қос жолақты автожол үстіндегі көпірден салынатындықтан алдын ала қорғаныс торлары орнатылып, қауіпсіздікке назар адарылуда, – деді жол төсемдерінің технологиялық талапқа сай төселуін қадағалап, толасакездің басы-қасында жүрген бас инженер Ақыл Әбілдаев.  

Иә, көріп тұрғанымыздай, дайындықты алдын ала жүргізетін жол салушылар жұмысқа тас-түйін әзірленіпті. Жол жөндеу жұмыстары жоспарында көпір нысаны болғандықтан жөндеу кезінде тастың көпірден түсірілмеуі үшін қалқаншалардан, торлардан кедергілер әзірленіпті. Көпір бөліктерінің бір-бірімен жанасатын тұстарына қосымша түйіспе тетіктері дәнекерленгенін жеткізген Дәурен Сұлтамұратов учаскедегі күрделі жөндеу жұмыстары Жол машинасы станциясының директоры Әмірхан Жолдасбаевтың қатаң басшылығымен жүргізіліп жатқанын айтты.  

– Қызылорда магистральдық желі бөлімшесі бойынша биыл 43,15985 шақырымда күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Бұған дейін Аққұм-Талапта – 4,5 км, Ақмая-Екпінді бекеттеріндегі басты жолдардың 7,0 шақырымына күрделі жөндеу жұмыстары сапалы аяқталып, пайдалануға берілген болатын. Бүгін міне, Қараөзек-Қызылорда-Белкөл учаскесіндегі 9,37 шақырымның алғашқы 1 шақырымына жол төселіп жатыр. Әр толаскез кезінде бөлімше мен дистанция басшылығы тарапынан бақылаушы мамандар учаске басына келіп, жолдың технологиялық талаптарға сай салынуын бақылап, техникалық және еңбек қорғау талаптарының сақталуын назарда ұстайды. Жол салушы «Интегра констракшн» компаниясының «Батыс» филиалының тәжірибесі мол, сондықтан сапасына сенімдіміз, – дейді Магистральдық желі бөлімшесінің күрделі жөндеу жұмыстарының сапасын қабылдаушы Қайыржан Төлегенов.

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды