Керекуде жол жөндеу жұмыстары қызу жүріп жатыр

Инфрақұрылым
11.07.2024, 16:04
Оқуға 2 мин
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Кереку өңірінде жазғы жол жұмыстары қызған. Бүгінгі таңда  Павлодар  магистральды желі бөлімшесіне қарасты Тасқұдық – Спутник – БП-415 учаскесіндегі ұзындығы 19,3 шақырым жолды күрделі жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын.

Жөндеу жұмыстарын Ағадыр машиналандырылған жол дистанциясы жүргізуде, вахталық әдіспен жұмыс істеп жатқан  өндірістік құрам қатарында жол бригадирлері, жол слесарлары, пойыздарды құрастырушылар, сигналшылар, кран машинистері және тағы басқа еңбек адамдары бар.

Жұмысқа  екі УК-25 краны жұмылдырылған,  бірі ескі рельс пен шпал торкөздерін бөлшектесе, екіншісі  жаңа темірбетонды шпалдардан құрастырылған  рельсті-шпал торкөздерін төсеумен айналысуда, бұл жұмыс су жаңа УК-25/25 кранына жүктелген. Осы арада, айта кететін жайт,  темір жолдарға жүргізілетін күрделі және тағы басқа жөндеу түрлері бойынша жұмыстардың өнімділігін арттыру үшін биыл Компания тарапынан   УК-25/25 төсеуші краны мен  МПК моторлы платформалар сияқты  ауыр типті жол машиналары сатып алынуда.  

Бүгінде УК-25 кранының 4 бірлігі сатып алынып, оның үшеуі қолданысқа берілген. Ал жоспарланған 8 бірлік МПК моторлы платформаның бүгінде 6-уы жеткізіліп, төртеуі жұмысқа жұмылдырылған. Қалған екі техника жақын күндері зауыттан жеткізіледі деп күтілуде.  Ал УК-25/25 кранының алдыңғыларынан басты артықшылығы-  жүк көтергіштігі 19 тоннадан 25 тоннаға дейінгі салмақты құрайды, сондай-ақ, оны екі адамның орнына бір адам басқара алады және  қашықтықтан басқару пульті арқылы жерден басқару мүмкіндігі бар. Ал моторлы платформаның бұрынғылармен салыстырғанда ерекшелігі,  басқару кабинасы бар, бұл өз кезегінде, қызмет көрсетуші персоналдың жұмыс қауіпсіздігін сақтап, еңбек жағдайын жақсартып отыр дейді  Магистральдық желі дирекциясының мамандары.

Павлодар магистральдық желі бөлімшесінің маманы Дәурен Қабдуллиннің айтуынша,  Бозщакөл – Өлеңті учаскесінде 12,057 км жолда күрделі жөндеу жұмыстары аяқталған, оны мердігер «Темір жол жөндеу» ЖШС қарасты Астана ПМС жүргізген екен. Екібастұз жол дистанциясы бойынша 4 км, Павлодар жол дистанциясы бойынша 17,5 км көлемінде жолды жөндеу жұмыстары аяқталған.  

Өңірде жол шаруашылығы жұмысшыларының өз күшімен жоспарланған 61 жиынтықтың бұрманың 10 жиынтығы ауыстырылған.

«Ақсу-1»-де  станцияның өткізу қабілетін арттыру үшін техникалық қайта құрылымдау жұмыстары жүргізілуде. Қайта құрылымдаудың 2-кезеңінде темірбетонды негіздегі 5 бағыттағыш жиынтық жолға төселсе, сонымен қатар 4 станциялық жолды ұзарту және 3 жиынтық бағыттағыш бұрма салу жоспарланған.

Алдағы  күн  жоспарында  Павлодар жол дистанциясы қызмет көрсететін  Павлодар станциясы бойынша 7,3 км көлеміндегі орташа күшейтілген жол жөндеу жұмыстарын орындау бар. Ал Екібастұз жол дистанциясы бойынша ОП-116 – Шідерті тақ жол учаскесінде 7,3 км көлемінде рельс тіректерін (жаңа темірбетон шпалдарын) толық ауыстыру жұмыстары жоспарланып отыр.  

Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды
Жүк тасымалы
14.10.2026
ҚТЖ Орталық Азия елдеріне астық тасымалдауды 33% арттырды
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан мен Бельгия порттар арасындағы серіктестікті дамытуды көздейді
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан арқылы транзиттік тасымал көлемі 13,1%-ға өсті
Жаңалықтар
13.10.2026
Теміржолшылар «Семей орманы» резерватында 3500 қарағай көшетін отырғызды
Әлемде
13.10.2026
Stadler АҚШ нарығына арналған алғашқы аккумулятордан қуат алатын пойызды таныстырды
Жаңалықтар
13.10.2026
ҚТЖ өндірістік оқыту жүйесін жетілдіруде
Сұхбат
13.10.2026
Шығыннан – тиімділікке дейін
Жаңалықтар
13.10.2026
«Жас үздік маман» байқауы мәреге жетті
Аймақтар
13.10.2026
417 теміржолшы білімін арттырды
Қауіпсіздік
13.10.2026
Теміржолда балаларды тасымалдау кезінде санитарлық талаптарды сақтау ескертілді
Жаңалықтар / Мұрағат
13.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №81 13 қазан 2026 жыл
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?