Күрделі жөндеу жұмыстары кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда

Инфрақұрылым
22.07.2024, 12:42
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген автор
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Түбек теміржолында биыл қырық шақырымға жуық жол күрделі жөндеуден өтеді. Маңғыстау магистральдық желі бөлімшесі бойынша жоспарланған бұл құрылыс жұмыстарының қазір қызған кезі. Жаздың әрбір қолайлы күнін тиімді пайдаланып қалуды ойлаған жолшылар негізгі жөндеу жұмыстарын осы маусым айында бітіруді межелеп отыр.    

Жалпы, осы жылы НЖС-14 Маңғыстау магистральдық желі бөлімшесі бойынша 38,8 шақырым темір жолға күрделі жөндеу жасалып, толықтай жаңартылады.  Бүгінде ауқымды жұмыстар легі кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда. Күрделі жөндеудің отыз шақырымы Маңғыстау жол дистанциясы аумағында, қалғаны Бейнеу теміржолына қарайды. Тарқатып кетсек, ПЧ-12 Бейнеудің №2-3 бекеттер перегонында 5 шақырым жол жөнделеді, ол 50-55-ші шақырымдар аралығын  қамтиды. Шілденің ішінде басталған бұл жұмыс айдың аяғына қарай аяқталады деп жоспарланған. Құрылыс жұмыстарын «ПМС Астана» мекемесі атқарып жатыр. Жөндеуге техникамен қатар жүзден астам адам қатысуда. Жинақтаушы кран, орналастырушы кран, қиыршық тасты жеткізіп, жолға төсейтін вагондар, шпалдың астын нығыздайтын, жылжытатын «ВПО», «ЭЛБ» техникалары, 5 трактор және 140 жол жондеуші осы шаруаларды ширатып, жолды жаңартуға жұмылдырылған.  

Бұдан бөлек Бейнеу жол дистанциясы бойынша тағы да екінші күрделі жұмыс күтіп тұр. Бейнеу станциясы мен №460 бекет перегоны аралығында 3,8 шақырымдық жолдың жөндеу жұмысы да осы жаздың еншісінде.  

Жоғарыда айтқанымыздай, биылғы жол жөндеу жұмыстарының басым бөлігі  Маңғыстау жол дистанциясына тиесілі. Жұмысты алдағы тамыз айында бастау жоспарланған, яғни №9-Маната-№10 бекеттер арасындағы темір жолдың отыз шақырымы жаңа үлгідегі құрылыс материалдарына ауыстырылып, жол сапасы артатын болады. Жолға ұзындығы 725 метрлік рельстер төселіп, ескі шпалдар орнына темірбетонды шпалдар салынады.  

– Қазір ең бастысы қозғалыс қауіпсіздігін сақтап, осы аталған жұмыстарды уақытылы атқарып, жолдың сапасын арттыру, іс-шаралардың кезең-кезеңімен жүзеге асуы бақылануда. Жөндеу жұмыстары біткен соң біздің бөлімшеге қарасты темір жол жағдайының сапасы жоғарылап, жүк және жолаушы пойыздарының жылдамдығы да артатын болады, – дейді Маңғыстау магистральдық желі бөлімшесінің жетекші инженері Ерлан Аманжолов.  

Жаңалықтар
13.10.2026
Теміржолшылар «Семей орманы» резерватында 3500 қарағай көшетін отырғызды
Әлемде
13.10.2026
Stadler АҚШ нарығына арналған алғашқы аккумулятордан қуат алатын пойызды таныстырды
Жаңалықтар
13.10.2026
ҚТЖ өндірістік оқыту жүйесін жетілдіруде
Сұхбат
13.10.2026
Шығыннан – тиімділікке дейін
Жаңалықтар
13.10.2026
«Жас үздік маман» байқауы мәреге жетті
Аймақтар
13.10.2026
417 теміржолшы білімін арттырды
Қауіпсіздік
13.10.2026
Теміржолда балаларды тасымалдау кезінде санитарлық талаптарды сақтау ескертілді
Жаңалықтар / Мұрағат
13.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №81 13 қазан 2026 жыл
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды