Ақтөбеде күрделі жол жөндеу жұмыстарының 70 пайызы аяқталды

Инфрақұрылым
30.08.2024, 10:48
Ардақ Үсейінова

"Қазақстан теміржолшысы" газетінің Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі

«ҚТЖ» ҰК» АҚ Ақтөбе магистральдық желі бөлімшесі аумағында биыл төрт участоктың жолы жаңарады. Бүгінгі таңда аймақта күрделі жол жөндеу жұмыстарының 70 пайызға жуығы аяқталды.

Жоспар бойынша бөлімше биыл Қарауылкелді-Мақат және Жарлы-202 разъезі-Ноғайты аралығындағы 77,862 шақырымға жуық темір жолға толықтай күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізеді. Бүгінде 202 рзд. – Ноғайты, 202 рзд. – Жарлы бекеттерінде жасалып жатқан жұмыс толықтай бітті. Қазіргі уақытта Үйтас-Құдықсай аралығында жұмыстар жүріп жатыр.  

Ақтөбе жол дистанциясында 4,8 шақырымда шпал ауыстыру жұмыстары толық аяқталды. Бұл жерде қиыршық тас пен жаңа бекіту түрімен шпал ауыстырылды.  

Сонымен қатар Шалқар дистанциясында жаңа жол төсемі салынып жатыр. Шалқар-Тассай аралығына кезінде 25 м қысқа рельс салынған. Сол тұстағы рельстер ұзартылады. Қазір 15,9 шақырым ауысты, жоспар – 40 шақырым.  

Кестеге сай бекітілген жол жөндеу жұмыстарының бәрі арнайы техниканы қолдана отырып жүргізіледі. Аймақта күрделі жөндеу жұмыстары сәуір айының ортасынан басталды. Қараша айында толық аяқталады деп жоспарланып отыр.  

«Құрылысқа пайдаланылатын материалдың барлығы – отандық өнім. Күрделі жөндеуден кейін жылдамдық 60 шқ/сағаттан 90 шқ/сағатқа дейін көтеріледі. Яғни жылдамдық көтерілсе, жұмыс өнімділігі, тасымал көлемі артып, қай жағынан да тиімді де үнемді болмақ», – деді Ақтөбе магистральдық желі бөлімшесі жол бөлімінің бастығы Бауыржан Хамзин.  

Күрделі жаңартудан басқа Ақтөбе магистральдық желі бөлімшесі орташа жөндеу жұмыстарын да күшейтті. Күрделі жөндеу жүріп жатқан жерден шыққан жарамды материалдар станциядағы жөнелту жолдарын жаңартуға төселіп жатыр. Мәселен, Бершүгір, Қандыағаш, Никельтау, Ақтөбе станциялық жолдарға пайдаланылуда. Бұл күнделікті күтім жұмыстары үшін де маңызды. Ескірген жолдардың сапасын төмендетпеу үшін ақаулы рельстер мен шпалдарды ауыстыру қажет болған жағдайлар болады. Яғни күрделі жөндеу жұмыстары жүрген аумақтан шыққан жарамды материалдар арқылы басқа жолдардың пайдалану ұзақтығын арттыру – үнемді де тиімді тәсіл.  

Бүгінгі таңда Никельтау станциясында да осы тәсілмен орташа жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Онда шпал ауыстырылып, бұрмалар жөнделеді. Орташа жөндеу жұмыстарын жол дистанцияларының жолшылары өз күштерімен атқаруда.

 

Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?