Дарбаза-Мақтаарал желісінің құрылысы қарқынды жүруде

Инфрақұрылым
23.10.2024, 12:10
Оқуға 3 мин
Суретті түсірген автор
Нұрлыбек Досыбай

Түркістан облысы бойынша меншікті тілші

Елімізде жылдар бойы зерттеп-зерделеніп салына бастаған стратегиялық нысанның бірі – «Дарбаза-Мақтаарал» теміржол жобасы. Мамандардың айтуынша, осы кезге дейін бұл жобаға қатысты техникалық-экономикалық негіздеме бойынша жұмыстар жүргізілген. Нәтижесінде ұзындығы 152,3 шақырымға созылатын темір жол телімінің жобалық-сметалық құжаттары әзірленіп, екі кезеңнен тұратын аталған нысан құрылысы бүгінгі таңда қарқын алған.

Жұмыс Дарбаза станциясының іргесіндегі Ердәуіт станциясы мен 2-ші разъезд аралығында жүргізілуде. Жоба бойынша Ердәуіт – Мақтаарал бекеттері аралығында 3 разъезд бен 5 бекет бой көтермек. Атап өтерлігі, Мақтааралда Өзбекстан арқылы қатынайтын, ал Қазақстан үшін тұйықта қалып қойған вокзал ғимараты мен қысқа ғана темір жол учаскесі бар. Бұл өзі осы күндері жұмыс істеп тұрған станция. Десек те, мұнда жоспар бойынша қайта құрылымдау жұмыстары жүргізіледі.

– Жалпы, біз қолға алып жатқан құрылыс жұмыстары «Ердәуіт-Мақтаарал» және «Мақтаарал-Жетісай» деп аталатын 2 кезеңнен тұрады. Осы жоба іске қосылған жағдайда Түркістан облысының Сарыағаш, Келес, Мақтаарал және Жетісай аудандары арқылы шойын жол Қазақстанның үлкен теміржол магистраліне шығатын болады. Бұл дегеніміз, осы өңірдің экономикалық дамуына үлкен ықпалы тиеді. Сонымен қатар Өзбекстанға 2 бірдей жаңа темір жол телімі арқылы шығу мүмкіндігі де туындайды. Сол себептен де бұл нысанның мемлекетаралық қатынаста стратегиялық маңызы жоғары, – дейді бүгінде құрылыс нысанының басы-қасында жүрген ҚТЖ-ның Ірі жобаларды жүзеге асыру дирекциясы филиалының теміржол құрылысы жөніндегі басқарма басшысы Нұрлан Нұрабаев.

Айтуынша, қазіргі кезде Ердәуіт станциясы мен 2-ші разъезд аралығында құрылыс жұмыстары бұрқ-сарқ қайнаған. Атап айтқанда, ұсынылған сызба-жобаларға сай теміржол торының табаны төселетін жер бірнеше метр тереңдікте қазылып, тегістелуде. Яғни 30 шақырымға созылған құрылыс аумағындағы жер тұтас қопарылып, топырақ пен шағал төсеу және нығыздау жұмыстары жүргізілуде. Содан соң ол жердегі топырақтың тығыздық құрамы лабораториялық зерттеуден өткізіледі. Ал Нұрлан Қанайұлы бастаған теміржолшы-құрылысшылар ұжымы тапсырыстың талапқа сай орындалуын мұқият бақылайды.

Қазіргі кезде Ердәуіт станциясының маңындағы Ақ үй ауылында арнайы модульді қалашық жасақталған. Мұнда жұмысшылардың жатар орны мен ас-ауқат ішер асханасы, жуынып, тынығатын бөлмелері мен техникаларға сервистік қызмет көрсететін арнайы қойма-база бой көтерген. Ол жерде еңбек ететін жұмысшылардың 30 пайызы жан-жақтан шақыртылған арнайы салалық маман иелері болса, қалған 70 пайызы жергілікті тұрғындар. Мұнда 30 шақырымға созылатын құрылысқа жұмылдырылған 50-ге жуық жұмысшыны тасымалдайтын арнайы автобус та қарастырылған. Ал істі ілгерілету мақсатында қолданылып жатқан автогрейдер, каток, самосвал, эксковатор сынды техникалардың саны 29 бірлік. Бұл тұтас жоба аясының бірінші кезеңінде құрылысты бастап кеткен алғашқы мердігер «EST Constaction» ЖШС компаниясы екен. Алдағы уақытта әр кезең бойынша жоғарыда аталған учаскелерде бірнеше мердігер компания қызмет етеді деп жоспарланған.

Осылайша, Ердәуітте темір жол төсеуге дайындық жұмыстары қызған шақта, Арыс қаласының іргесінде орналасқан бас мердігер «Integra constraction KZ» ЖШС-нің базасында рельс-шпалды торларды жинақтау жұмыстары да қайнап жатыр. Қазіргі таңда ол жердегі темір жол мамандары 25 шақырымға жететін рельс-шпалды торларды құрастырып үлгерген. Демек, мыңдаған дана рельс-шпалды торды құрылыс алаңына жеткізіп алып, төсеп жіберуге дайын тұр деген сөз.  

– Жалпы, жыл соңына дейінгі жоспарымыз 100 шақырымға жететіндей тор жасап шығару. Осы күнгі жұмыс қарқынына қарап, біз бұл жоспарды ойдағыдай орындаймыз деп нық сеніммен айта аламыз, – дейді аталған нысан құрылысына жауапты мамандар.

Айта кетейік, алдын ала есеп-қисаппен болжанған мерзімге сүйенсек, жоба 2026 жылдың желтоқсан айында толық бітіп, пайдалануға беріледі деп жоспарланған.

 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды